Медицина саласында шешілмеген мәселе көп

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының ақмолалық белсенділері Көкшетау қаласының “Сарыарқа” шағын ауданындағы «Viamedis» ЖШС-і филиалына қарасты емханалық клиникалық-оңалту орталығында болып, медицина қызметкерлерімен кездесті.

Қор өкілдері дәрігерлер қауымын «Әділетті Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сай елімізде жүзеге асырылуы тиіс реформалардың іс жүзінде орындалуына мүдделі екенін жеткізіп, Қордың негізгі манифест-құжаты қағидасының басты бағыт-бағдарымен таныстырды. Сондай-ақ ел ішіндегі, әсіресе, медицина саласындағы түйткілді мәселелер жайлы кеңірек тоқталды.

Өз кезегінде дәрігерлер денсаулық сақтау саласында болып жатқан бірқатар өзекті мәселелермен бөлісті. Мәселен, медициналық орталықта қызмет ететін Хатке Айткожинаның айтуынша, кезінде оқытудың тоқтатылып қалуынан балалар денсаулығына қарайтын педиатр мамандары тапшы болып қалған.

«Елімізде балалар емдейтін педиатрия саласы мүлде ақсап тұр деуге болады. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен педиатрия мамандығы 5 жыл бойы мүлде оқытылмай қалды. Салдарынан қазір балаларды терапевт мамандар қарап жатыр. Ал бұл саланың өзіне тән ерекшеліктері, балаларға дәрі егудің тиісті нормалары бар. Сол сияқты дәрігерлердің құқықтары да қай жағынан да болсын қорғалмаған», – дейді Хатке Айткожина.

Медициналық мекеменің бас дәрігері Бахтияр Қоңқабаев дәрігер мамандардың тапшылығының себептері мен салдары жайлы ойларымен бөлісіп, тұтас республика бойынша шешімін таппай отырған жайттарды жеткізді.

«Біз Еуропалық стандарттарға ілесеміз деп жылдар бойы салада қалыптасқан үрдістің тамырына балта шапқандаймыз. Мәселен, қазір еліміздің бар аймағында, оның ішінде Ақмола облысында реаниматолог, реабилитолог мамандар тапшы. Қазір дәрігер маман болып шығу үшін 7 жыл оқу керек. Одан кейін хирург, кардиолог, реаниматолог сияқты белгілі бір маман иесі болу үшін тағы үш жыл білім алуы тиіс. Яғни, он жылға дейін оқу қажеттілігі салада мамандар тапшылығын туғызды. Дәрігерлердің жетіспеуінен өңірде науқастардың саны да өсіп, тіпті аурудың жасарып келе жатқаны байқалады, – дейді Бахтияр Қоңқабаев.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар