«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының ақмолалық белсенділерінің кезекті кездесуі «Бақташылық серіктестіктерді дамыту жөніндегі комиссия» қоғамдық бірлестігінде жалғасты.
Қор белсенділері еліміздің барлық аймағында белсенді түрде жұмысын бастаған жаңадан құрылған ұйымның алдына қойған негізгі бағыт-бағдарынан хабардар етті. Өз кезегінде саяжайлар серіктестіктерін дамыту комиссиясы өкілдері өздерін толғандырған жайттарды жіпке тізді.
Көкшетау қаласы маңындағы саяжайларда инфрақұрылымдық түйткілді мәселелер көптен бері көтеріліп келеді. Әсіресе, саяжайлардағы жарық пен электр желілерінің мүшкіл жағдайы мен тарифтің қымбатшылығы, қоғамдық көлік тасымалының жеткіліксіздігі, саяжайлардағы ұжымдық және жекеменшіктердің қорғалмауы, иесіз қалған саяжайлардың көбеюінен ұрлықтың көбеюі сияқты мәселелер тілге тиек етілді.
«Біз ондаған жылдар бойы саяжайларда қордаланған өзекті жайттарды жергілікті биліктен бастап Үкіметке дейін көтеріп келеміз. Тіпті заң кодексіне өзгерістер енгізу қажеттігі туралы жобамыз да дайын. Көкшетау қаласының маңындабүгінде 23 мың саяжай телімі болса, соның 12 мыңы иесіз қалған. Ал иесіз қалған жер телімдері қала әкімдігімен оңды-солды таратылып кетіп жатыр. Салдарынан саяжайға арналған жерде монша, мейрамхана, көлікке техникалық қызмет көрсету стансалары сияқты кәсіпкерлік субъектілері орын тепкен. Жарық электр желілеріне мүлде қызмет көрсетілмейтіндіктен әбден тозған. Қалалық электр желілерін энергия таратушы «Көкшетау Энерго» компаниясына тегін сенімді басқаруға беру мәселесі шешімін таппай келеді. Саяжайларға баратын қоғамдық көлік қатынасы да жолға қойылмаған. Қор осы жағдайға көңіл бөліп, Заңға өзгерістер енгізуге мұрындық болса дейміз, — деді «Бақташылық серіктестіктерді дамыту жөніндегі комиссия» ҚБ-нің төрағасы Петр Кузьменко.
Қор белсенділері кездесу барысында айтылған мәселелермен алдағы уақытта жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
https://adildik.org.kz/manifest/kz