Шынайы құрмет иесі

Кім адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі кейінгілерге ғибрат. Бүгінгі сөз «AMANAT» партиясының Шортанды аумақтық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Ахмедия Шабданұлы Қожамсейітов жайлы болып отыр.

Тіршілікте байқайтынымыз, адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деп Бауыржан Момышұлы атамыз бекер айтпаған. Осы сөздерді берік ұстанған Ахмедия Шабданұлының үлкенге ізетті, кішіге қамқор демекші, тәжірибелі тәлімгер болып жүргені әрі бауырмал, жомарт мінезі, берік ұстанымымен баурайтыны кімге де болса үлгі-өнеге.

Ел игілігі үшін атқарған еңбегі мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен атап өтілген. Сонымен қатар, өмірбаяны мен марапаттар тізімінде жазылмаған аудан тұрғындарының және әріптестерінің ризашылығы мен құрметі де бар. Ол ауданның ақсақалдарымен де, одан кейінгі ұрпақтар буынымен де ортақ тіл тауып, партиялық және қоғамдық іс-шараларға білгірлікпен тарта біледі.

Аудандық мәслихаттың депутаты бола жүріп, аудан әкімдігі жанындағы көптеген қоғамдық құрылымдар мен комиссиялардың, сондай-ақ, ауылдық округтер әкімдіктерінің отырыстарына белсене қатысып, ой-пікірін ашық білдіріп отырады.

​«Жақсы қасиет адамды ортаға алып шығады» дегендей жүрегі таза, пейілі ақ, өзін де, өзгелерді де сыйлай білетін, елін, жерін қастерлейтін, адамгершілік қасиетті бәрінен  жоғары бағалайтын, өзгелерге үлгі бола білген,  жан дүниесі өте бай Ахмедия Шабданұлы саналы ғұмырын Шортанды ауданында өткізіп, өңіріміздің дамып, өркендеуіне аянбай қызмет атқарып жүрген азаматтардың бірі.

Терең білімділігімен, талантты болмысымен, үлкен азаматтық ұстанымымен қоғамдық-саяси жұмыс болсын, мемлекеттік жұмыс болсын, бәріне бірдей қарап, оны ойдағыдай орындауда өрісті өнегесін көрсетіп, елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Өз еңбек жолыңда талай белеске шығып, ұжымның құрметіне бөленді.

Ахмедия Шабданұлын адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтай отырып, халыққа қызмет көрсетудің қажетті де өзекті салаларын қолдау, дамыту мен жетілдіру ісінде табыс тілейміз!

Байыптылығы мен іскерлігі, кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігімен әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі басшы екенін өмір және еңбек жолы шынымен растап келе жатқан абзал азаматтың әрдайым денсаулығы зор, мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Шортанды аудандық мәслихатының баспасөз орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар