Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қорға жастардың қолдауы да қажет - АРҚА АЖАРЫ

Қорға жастардың қолдауы да қажет

Көкшетауда «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорынының кезекті кездесуінде Қордың манифест-үндеуін талқылауға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мен болашақ заңгерлер де қатысты. Шарада бизнес жоғары мектебі факультетінің деканы Абай Ысқақов, құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бағдат Рахметулина, Құқықтану кафедрасының дәріскерлері Ерлан Наурызбаев пен Берік Нүкиевтер қатысып, ойларымен бөлісті.

Кездесуді құқықтану саласының магистрі Ерлан Наурызбаев ашып, университет оқытушылары мен заңгерлерге Қор жайлы қысқаша мағлұмат берді.

Дөңгелек үстел басына жиналған ұстаздар мен студенттер қауымына Қор жұмысының негізгі бағыт-бағдары таныстырылды. Өз болашағын заң және құқық саласымен байланыстырған жастарға Қор алғаш құрылған сәттен көтеріп келе жатқан адамның еңбек қауіпсіздігі, медициналық әлеуметтік сақтандыру, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы түйткілдер жайында көтерілген мәселелер кеңірек аталды.

— Мемлекет басшысымен тікелей жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан», «Жаңа Қазақстан» бағдарламаларының іс жүзінде жүзеге аспай, халықтың мүддесі көп жағдайда қалтарыста қалып жатқанын көріп жүрміз. Халықтың өз құқықтары мен мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді білмеуінің салдарынан көптеген игіліктер пайдалана алмай жатыр. Біз бәрін бірден іске асырамыз демеймін. Бірақ біз кезең-кезеңімен әрбір саладағы күрделі мәселелердің шешімін тауып, халықтың үдесінен шығуына жұмыс істеудеміз. Еліміздің бірнеше өңірінде Қордың қоғамдық қабылдау орындарының ашыла бастауы да осының айғағы, — деді Қор өкілі Бақыт Смағұл.

Болашақ заңгерлер Қордың көздеген бастамаларын толықтай қолдайтындарын білдіріп, жақтастар қатарынан табылатынын жеткізді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар