Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімінің тасқын сумен күресуге көмектесу туралы үндеуіне бизнес өкілдері де үн қосуда - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімінің тасқын сумен күресуге көмектесу туралы үндеуіне бизнес өкілдері де үн қосуда

20-ға жуық кәсіпорын облыс орталығында су тасқынын жоюға көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда
Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі 2 метрге жетті, бұл әдеттегі көрсеткіштерден едәуір жоғары.

Облыс әкімі қазіргі уақытта қаладағы жағдай күрделі екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, еріген су ағынының ұлғаюына байланысты Қылшақты өзені
жағадан шықты.
Су басу аймағында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бар. Біз су тасқынын бірге жеңу үшін ортақ күш- жігермен жұмысты ұйымдастыруымыз керек. Сізді осы жауапты сәтте шетте қалмауға және  заматтық ұстанымыңызды білдіруге шақырамын. Барынша қолдау көрсету қажет, бұл бәріміз үшін ортақ міндет, бұл ретте қала тұрғындарының қиыншылығында
бизнес жасамауды сұраймын», – деді М.Ахметжанов.

Сондай-ақ, өңір басшысы биылғы жылы Қылшақты өзенінің арнасын тереңдету және жағалауын
нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланғанын атап өтті. Бұл кейінгі жылдары
су тасқынының қайталану қаупін азайтады.

«Қазавтожол» ЖШС бекітілген учаскесіне 10-ға жуық арнайы техника жіберілді, олардың арасында самосвалдар, бульдозерлер және жол катогі бар.

«Табиғи апаттарды болжау мүмкін  емес. Үйлерге су кіргізбеу үшін Сүлейменов көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейінгі жағалау сызығын нығайтатын боламыз. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі», –
деді кәсіпорын директорының орынбасары Өмірбеков Арман.

Айта кетсек, бүгінгі таңда облыста су тасқынына қарсы іс-шараларға 1300- ден астам адам, 322 бірлік техника жұмылдырылған.

Дереккөз:  www.gov.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар