Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тексеру комиссиясы есеп берді - АРҚА АЖАРЫ

Тексеру комиссиясы есеп берді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партияның депутаттар фракциясымен жиналыс өткізді. Аталмыш шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты.

Облыстық тексеру комиссиясы төрайымының міндетін атқарушы Ольга Роберт үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде атқарылған жұмыс жа-йында баяндады. Жыл басынан бері 12 аудиторлық шара өткізіліп, 145 нысан тексерілген. Нәтижесінде 171 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 202,8 миллион теңге мемлекетке қайтарылған. Анықталған заң бұзушылықтар мен жұмыста орын алған кемшіліктерді жою жөнінде мекемелер мен ұйымдарға 283 тапсырыс пен 42 ұсыныс жолданған. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 65 әкімшілік іс қозғалған.
Тексерістер нәтижесі көрсетіп отырғандай, заң бұзушылықтар негізінен еңбекақы төлеуде орын алуда. Бұланды және Ерейментау аудандарының орталық ауруханаларында жекелеген дәрігерлерге негізсіз жалақы төлеу фактілері анықталды. Ақкөл ауданындағы орталық кітапхананың бас есепшісі 300 мың теңгені заңсыз иемденген. Бүгінде бұл шығын толығымен қайтарылды.
Тексеру комиссиясының негізгі міндеті заң бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражаты мен мемлекет активін негізсіз, мақсатсыз пайдалануға жол бермеу болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін жүйелі түрде облысымыздың мемлекеттік аудит нысандарына әдістемелік көмектер көрсетіліп, заңнамаларды түсіндіру жөніндегі көшпелі семинар-кеңестер өткізіледі. Биылғы жылы Ақкөл, Атбасар аудандарында және Көкшетау қаласында осындай семинарлар ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 7 мақала жарияланды.  
Облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау бағыты бойынша комиссияның жетекшісі Нартай Ысқақов бюджет қаржысы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттардың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жасау қажеттігін айтса, облыстық мәслихаттың депутаты, «Той Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Елена Мащинская өзі жетекшілік ететін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтып берді.
Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 280 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі құрылысының жобасы жүзеге асырылды. Аталмыш комиссия жыл басынан бері жеті жоспарлы, соның ішінде көшпелі отырыстар да өткізді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып балабақша құрылысының қаржыландырылуына бақылау жүргізіп, туындаған түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.
Шара соңында депутаттар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, тиісті шешімдер қабылдады.

Жанат Сәбитов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар