Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Отандық ақпараттық кеңістікте және өзге де әлеуметтік медиада су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте олар блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және бұқаралық ақпарат құралдарында  жалған ақпарат тарату белгілері бар пайдаланушылардың пікірлерімен бірге жүреді, олар жалған қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық құқықтық тәртіпке теріс әсер етеді.

Мұндай теріс мәліметтерді тарату негізінен қасақана, өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде жүзеге асырылады.

Көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұндай іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделгенін, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және жоғарыда аталған кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар