Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ресейліктер қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Ресейліктер қатысты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюдың өзекті мәселелері» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің өкілдері, Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясынан ғалымдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Шараның ашылуы мен пленарлық отырысы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өтіп, өрт қауіпсіздігінің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзекті ғылыми мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.
Көкшетау техникалық институты бастығының орынбасары, полковник Евгений Тимеев және Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық технологиялар кешенінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Матвеев құттықтау сөз сөйледі.
Ресейлік ғалым, техника ғылымдарының кандидаты Алексей Рыженконың «Оқуды қолдаудың ақпараттық-басқару жүйелерінің элементтерін жобалау», заң ғылымдарының кандидаты Бақыт Баймұхамбетовтың «Стихиялық апаттардың алдын алу және жою саласындағы кейбір өзекті мәселелері туралы», сондай-ақ, Көкшетау техникалық институтының төтенше жағдайларда қорғау кафедрасының оқытушысы, отставкадағы полковник Юрий Румянцевтің «Контейнер түріндегі жылу түтін камераларының базасында түтіннен қорғаушылардың тренинг дайындығының жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы баяндамалары жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.
Конференция шеңберінде секциялық отырыс өткізіліп, мұнда Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің және институттың профессорлық-оқытушы құрамының баяндамалары тыңдалды.  Шара соңында оның практикалық маңыздылығы анықталып, азаматтық қорғаныс саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау саласында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми зерттеулерді дамытудың алдағы жоспарлары айқындалды. Жұмыс қорытындысы бойынша шешім қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар