Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алыс-берісіміз көбейсе - АРҚА АЖАРЫ

Алыс-берісіміз көбейсе

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасы елшілігінің өкілдерінің ақмолалық кәсіпкерлермен жүздесуінде сауда-саттық, басқа да салаларда өзара ынтымақтастықты нығайтудың жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде ақмолалықтардың әзірбайжандармен сауда-экономикалық қарым-қатынасы сөз болды. Осы ретте, меймандар бейнеролик арқылы сауда, туризм, логистика саласы бойынша ұсынатын қызмет түрлерін ақмолалық кәсіпкерлерге таныстырды.
– Соңғы жылдары біздің елде мұнай өндірісіне зор көңіл бөліне  бастады. Осының арқасында елдің экспорттық әлеуеті артып отыр. Сіздердің облыстарыңыз шикізатқа бай. Бүгінгі біздің сапарымыздың мақсаты да осы екіжақты сауда-саттықты дамыту болып табылады, – деді Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасы елшілігінің кеңесшісі Агаджавид Рамазанов.
Сонымен қатар, кездесу барысында Ақтау қаласындағы «Азерсун» ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысы да айтылды. Қазақстандық кәсіпкерлер Әзірбайжан елінен әкелінетін тауарларды осы логистикалық орталық арқылы жеткізе алады. Кез-келген тауарға қатысты кедендік рәсімдеу, қабылдау, жөнелту тәрізді шараларды  жүзеге асыруға болады.
Жалпы, кездесу барысында осы мәселелер, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік сектор, туризм, және сауда-экономикалық мүмкіндіктер де кеңінен қарастырылды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар