Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарлама баспанасыздар санын азайтуды көздейді - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарлама баспанасыздар санын азайтуды көздейді

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаны Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған болатын.

Бағдарламаның операторы «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банк» акционерлік қоғамы болып табылады.

– Өтініштерді «Баспана маркет» порталында беруге болады. Өтініш беру мерзімі 25 сәуірден 30 маусымға дейін 2 ай ішінде қабылданады. Бағдарламаға барлық қазақстандықтар қатыса алады. Оның ішінде, тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы Банкі» салымшылары, –дейді өз сөзінде акционерлік қоғамның Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахмет. Сондай-ақ, «Наурыз» бағдарламасының шарттары мынада: бастапқы жарна – 20, несие мөлшерлемесі тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне  жеті, азаматтардың барлық саннатарына тоғыз пайызды құрайды. Несие 19 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек.

– Өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша балл санау жүргізіледі. Тұрғын үйді сақтандыру депозиті бойынша сыйақы мөлшері әрбір 1000 теңге үшін 1 баллды құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мәртебесінің болуы – он балл, балалардың болуы – олардың санына қарамастан он балл, тіркелген некенің болуы – ұзақтығына қарамастан бес балл, қатысушы 35 жасқа дейін болса  – бес балл, – деп атап өтті Алмат Нұрахмет.

Ал, несиенің максималды сомасы Алматы, Астана қалаларында 36 миллион теңгеге, басқа аймақтар үшін 30 миллион теңгеге дейін. Бастапқы тұрғын үйді бағдарламаға қатысушы «Баспана маркет» порталында таңдай алады. Тұрғын үй құрылысы бағасының қымбаттамауына арналған бұл бағдарлама сегіз жыл ішінде жүзеге асырылады. Осы жылы 300 миллиард көлемінде қаражат бөлу жоспарланса, келесі жылдары 200 миллиард теңге көзделген. Жалпы осы уақыт ішінде 68 мың азаматты жеке баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Берілген ақпаратқа сенсек, биыл он екі мың қазақстандық қоныс тойын тойлай алады.

Сонымен бірге, брифинг барысында белгілі болған «Наурыз» бағдарламасына өтініш беру үшін қажет құжаттарды атай кетейік. «Отбасы банкте» депозит болуы шарт. Депозиттің мерзімі маңызды емес. Және де жинақтау шотында кем дегенде 1 миллион теңге қаржы болуы керек. Бұл ретте, бағдарламаға қатысуға өтінім бергенге дейін соманы бір реттік сомамен төлеуге болады. Оған қоса, соңғы алты айдың ресми табысы болуы керек. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда 2 адамға дейін тең қарыз алушыны (туыстар болуы міндетті емес) қосуға болады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар