Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасарда да пәтерлер берілді - АРҚА АЖАРЫ

Атбасарда да пәтерлер берілді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған 27 отбасына салтанатты түрде жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. 

Бұл жаңа пәтерлер жалпы сомасы 162 миллион 700 мың теңгені құрайтын «Асар Астана» қоғамдық қорының қаржысына сатып алынды. Баспаналары жарамсыз болып қалған 50 отбасы жергілікті атқарушы органдардың көмегіне сүйене отырып, әзірге өздеріне лайықты пәтерлерді іздестіруде, ал, жергілікті атқарушы органдар оларға құжаттарды ресімдеу бойынша жағдай жасауда.

– Бірлескен күш-жігеріміз бен шұғыл іс-қимылдың арқасында біз халықтың өмірі мен денсаулығын сақтап қала алдық, – деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде. – Мемлекет басшысы мәлімдегеніндей, ешкім де назардан тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен әрбір азамат пен әрбір отбасы мемлекеттің тиісті қамқорлығында болады.

Өңір басшысы салтанатты шарада мамандардың сараптамасы бойынша пәтерлер бірінші кезекте баспаналары тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған тұрғындарға берілетіндігін атап өтті. Сонымен бірге, 334 отбасына жалпы сомасы шамамен 123 миллион теңгені құрайтын біржолғы көмек төленіпті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен әрбір отбасына келтірілгензалалды есептеу жалғасуда. Оларға тиісті өтемақы төленетін болады.

– Қалада салынып жатқан 100 пәтерлі екі үйдің құрылысын тез арада аяқтап, тағы бір 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз көптеген жылдар бойы кезекте тұрған барлық мұқтаж жандарды – көп балалы отбасыларды, мүгедектігі бар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз. Сондай-ақ, болашақта су тасқынының зардаптарын тарта бермейтіндей етіп, Жабай өзенінің түбін тазартып, тереңдету және жағалауын нығайту жұмыстарын осы бастан жүргізуіміз қажет, –деді аймақ басшысы.

Жаңа пәтерлерінің кілтін алған атбасарлықтар ел Президентіне, облыс, аудан әкімдеріне, еріктілер мен осы жағдайға бейжай қарамай, қол ұшын берген жерлестері мен жанашыр жандарға шын жүректен алғыстарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

Салтанатты шарадан соң облыс әкімі Атбасар қаласында салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл үйлер Жабай өзенінің бойындасу тасқыны кезінде қауіпті саналатын «қызыл аймақта»тұрған тұрғындарды көшіругеарналған. 2021 жылы бұл тұрғын үйлер құрылыс материалдары бағасының шарықтап кетуіне байланысты уақытында аяқталмай қалған. Биылғы жаздың соңында осы екі үйдің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Егер бұл жоспар іске асырылса, 200 атбасарлық отбасы көптен күткен баспаналарына ие болып, қоныс тойын тойлайды. Бүгінде онда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақыттатөбелерін тартып, еденіне линолеум төсеу, қажетті сантехникалық құралдарды орнату секілді жұмыстары тұр, қалған шаруалары атқарылған.

– Барлық жұмыстар келісім-шартта көзделгендей толық, сапалы  орындалуы тиіс, – деп облыс әкімі мердігерлерге жауапкершіліктері туралы ескертті. –Қоныстанушылар кіргенде, пәтерлер бірден тұруға дайын болуы керек.Қазір осыған барлық жағдай бар, ауа райы да қолайлы, қаржыландырудан кідіріс жоқ, сондықтан, күндіз-түні жұмыс істеңіздер.

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, өңірде су тасқынынан кейінгі жағдай тұрақты.

–Ауданда  су басқан 250үй толығымен тексеріліп, зерттелді. Зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі алғашқы көмек төленді. Мүлікті жоғалту жөніндегі комиссияның есебі бойынша 40 миллион 136 мың теңгенің шығыны анықталды, 77 үй апатты деп танылып, 173 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды, –деді аудан басшысы.

Су тасқыны кезінде алты елді мекен аудан орталығымен жол қатынасынсыз қалған болатын. Аудан әкімі екі апта бұрын жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық ауылдар мен аудан орталығы арасында қатынас орнатылғанын атап өтті.

–Әлеуметтік нысандардан Атбасар қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектеп пен қала сыртындағы «Есіл» сауықтыру лагері зардап шекті. Оларға келтірілген залал сомасы 236 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, жаңа оқу жылына дейін мектепті жөндеп үлгереміз, – деп уәде берді аудан басшысы.

Борисовка ауылының тұрғыны Наталья Заика ел Президентіне және жергілікті атқарушы органдарға су тасқыны кезінде жедел көмек көрсетілгені үшін алғыс білдірді.

–10 сәуірде біздің ауылға үлкен су ағыны келе жатқанын хабарлады. Біз жиһаздарымызды жоғары көтеріп қойып, алдын ала эвакуацияландық. Біздің үйіміз апатты жағдайда және қазірдің өзінде қабырғалары үгіліп, құлап жатыр. Мен көпбалалы ана болғандықтан, 4 бөлмелі үйді таңдадым. Ауылдық әкімдіктегі мамандар құжаттарды тез рәсімдеуге көмектесті. Енді су басу қаупі жоқбұл жаңа қоныста біз тыныш өмір сүре аламыз деп ойлаймын, – деп өз ойымен бөлісті бес баланың анасы.

Вероника БУРДА,
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Айбек Данияров.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар