Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тартымды жобалар - АРҚА АЖАРЫ

Тартымды жобалар

Бүгінгі таңда алда тұрған негізгі міндеттердің бірі – экономикамызға инвестиция тарту. Осы орайда, инвес-торлар біздің ауданымызға да қызығушылық танытуда.

Нәтижесінде Тастыталды селосында қуаты жылына 120 мың тонналық элеваторды қалпына келтіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жұмысты «Фаворит Групп Астана» серіктестігі қарқынды жүргізуде. Қондырғы құнының 30 па-йызы алдын ала төленіп, биылғы жылы әкелінетін болды. Сондай-ақ, «КС Инвест» серіктестігі жылына 10,5 мың тонна астық қабылдайтын элеватордың, тағы екі желілік элеватордың, мал бордақылау алаңының және астық қабылдау кәсіпорнының құрылысын жүргізіп жатыр.
Мәселен, жеке кәсіпкер Крамарь екі жүз басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын Державинск қаласында жүргізуде. Кәсіпкердің жекеменшік жер телімі мен өндірістік ғимараты бар. Қазір бұл ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында салынып жатқан желілік элеватор жылына 60 мың тонна астық қабылдай алады. Кәсіпорын 2018 жылы пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда «Алтын дән КZ»  cеріктестігі 136 миллион теңгенің қондырғысын сатып алды. Қазір зертхана мен екі қабатты әкімшілік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. «Хлебная нива» серіктестігінің астық қабылдау кәсіпорны 9 мың тонна астық қабылдай алады. Биылғы жылы әкімшілік ғимараттың, автотұрақ пен теміржол тұйығының құрылыс, жер телімін қоршау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Державинск қаласында сауда орталығының құрылысы жүргізілуде. Жеке кәсіпкер Меджидов екі қабатты ғимарат салды. Қазір сылақ жұмысы жүріп жатыр. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Өндіріс саласындағы қол жеткізген жетістіктердің бәрі өз кәсіптерін өрге домалатып отырған басшылардың еңбегі. Олар қолайлы инвестициялық ахуалды бақылап, кәсіпорынның дамуына өз қаржысын салуда және мемлекеттік қолдаудың тетіктерін тиімді пайдалануда. Біз өз тарапымыздан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасауға міндеттіміз.

Талғат БЕЙСЕНОВ,
Жарқайың аудандық кәсіпкерлік
және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар