Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Студент жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы - АРҚА АЖАРЫ

Студент жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың басты міндеттерінің бірі.

Осыған орай, облыс орталығында студенттер арасындағы «ANTIPARACRAFT-2024» бірінші республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының финалы өтті. 2021 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бастамасымен «AntiParaCraft» жемқорлыққа қарсы квест алғаш рет өткен болатын. Ойын форматы студенттер үшін өте қызықты болды, өйткені олар теориялық негіздерді оқып қана қоймай, өз білімдерін тәжірибеде де қолданды. Содан бері жастарды жемқорлыққа қарсы күреске тартудың осы форматының тәжірибесі елдің басқа университеттері арасында да кеңінен таралған. Ал, осы жылдың 25 наурызынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест ойыны республикалық деңгейде өте бастады.

Ұйымдастырушылар атап өткеніндей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі тәсілдерін іске асырудың басты жолдарының бірі – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін жаңа көзқарастар мен өмірлік ұстанымдармен тәрбиелеу. Осы тұрғыда, квест ойыны қазақстандық жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың заманауи әдістерінің біріне айналды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады: біріншіден, адамда сыбайлас жемқорлыққа деген құштарлық болмауы керек, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білімді дамыту қажет, екіншіден, адамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, яғни, жосықсыз мемлекеттік қызметшілер өзінің қызметтік жағдайын жеке басының пайдасы үшін пайдалана алмайтындай етіп, сыбайлас жемқорлықтың себептерін заңнамалық деңгейде жою қажет, үшіншіден, адам сыбайлас жемқорлықтан қорқу, қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану керек. Солардың бағыттары бойынша нәтижелі жұмыс жасасақ, жемқорлық деңгейі төмендейді, –  дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин құттықтап, сөз сөйледі.

–«AntiParaCraft» сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестін өткізу бастамасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне тиесілі. Ойын форматы жастарды қызықтырды және республика бойынша көптеген балаларды біріктірді. Ойын көптеген университеттерде дәстүрге айналды. Студенттер теорияны оқып қана қоймай, алған білімдерін практикада қолданады. Бұл жастарымызды біріктіреді және ортақ мақсаттарға жетуге ықпал етеді. Интерактивті ойын еліміздің 20 өңіріндегі жоғары оқу орындары факультеттерінің I курс студенттерінің командаларын біріктірді. Сайыстың барлық қатысушылары бір жарым ай бойы жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тестілеуден өтіп, бейнероликтер ұсынды, сондай-ақ, өз жобаларымен таныстырды, – деді ол.

Көкшетауда өткен ақтық сынға еліміздің 9 облысынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен командалар қатысты. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өз білімдерін көрсете отырып, интеллектуалды және шығармашылық сайыстарда бақ сынады.

– Академиямыз облыстық турнирде бірінші орынды иеленді, бірнеше республикалық командалардың арасында өнер көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Біз бұл жарысқа мұқият дайындалдық: материалдар жинадық, еліміздің заңдарын зерттедік, бүкіл процесс өте қызықты болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет маңызды пән болып табылады. Көкшетау бізді өте жақсы қарсы алды. Жалпы, мен өзім Көкшетау қаласынанмын. Жүрегімнің қалауыммен Қостанайдағы Ішкі істер министрлігі академиясына түскен болатынмын, енді осы академияның атынан осында келіп отырмын, – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-курс студенті Дарья Брыткова.

– «AntiParaCraft» квест-ойыны жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен төзбеушілікті қалыптастыру үшін өте маңызды іс-шара деп есептеймін. Біздің команда ведомстволық жоғары оқу орындарының ішінде ішкі істер органдары атынан сынға түскен жалғыз команда. Болашақ жас мамандар онлайн тестілеуге қатысып, әлеуметтік бейнеролик әзірлеп, өңіріміздегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жолдарын ұсынған жобаларын сәтті қорғады. Елдегі үздік он команданың қатарына енгенімізге өте қуаныштымыз, – деді академияның қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы Мадияр Қалқаманұлы.

Ойын қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының «Фемида» командасы үшінші орынға ие болды. Батыс Қазақстан облысының «Махамбет жастары» құрамасы екінші орында. Павлодарлық студенттерден құралған «Антикор LAB» командасы бірінші орынмен «Адалдық кубогын» жеңіп алды.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар