Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
46 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

46 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 44-бабының 10-тармағына сәйкес тәртіптік жазаны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 1-тармағына сәйкес осы Қағидалар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін реттейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2023 жылдың және 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізді.

Осылайша талданып отырған кезеңде 907 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 659 жергілікті атқарушы органдардың және 248 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері. Мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті органдардың тәртіптік комиссияларының ұсынымдары бойынша 73, тәртіптік комиссияда  834 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 494 немесе 54 пайызы басшылық лауазымдарда және 413 немесе 46 пайызы орындаушылық лауазымдарда.

Талданып отырған кезеңде департамент жаза қолдану тәртібінің 174 бұзушылығын анықтады, оның 112-сі жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, 59-ы талдамалық жұмыс шеңберінде және 4-уі азаматтардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталды.

Бұзушылықтардың 171-і, яғни, ең көп саны жергілікті атқарушы органдарда және орталық мемлекеттік органдардың тек 3 аумақтық бөлімшелерінде орын алған.

Департаментпен жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 46 актінің күші жойылды, оның ішінде нұсқамалар негізінде 25, тәртіптік комиссиялардың қызметін талдау қорытындылары бойынша 15, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері негізінде 5 және сұрау салу жолымен қаралған қызметшілердің өтініштерін қарау қорытындылары бойынша 1 актінің күші жойылды.

Заңның 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшi негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге құқылы.

Бұдан басқа, Қағидалар мемлекеттік органды қызметші теріс қылықпен жазбаша түсініктемеде келіспегенін білдірген жағдайда қызметтік тергеп-тексеру тағайындауға және жүргізуге міндеттейді.

Бұл ретте, жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне қарамастан, қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері де орын алады.

Мұндай фактілер жаза қолдану тәртібі мен қызметшінің кепілдендірілген құқықтарының өрескел бұзылғанын көрсетеді, ал, шығарылған актілер жойылуға жатады.

Сонымен қатар, Қағидалар мен Заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Мәселен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында жүйелі негізде департаменттің қызметіне шолулар мемлекеттік органдарға жіберіледі, сондай-ақ, жүргізілген талдаулардың қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылды.

Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар