Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орталықта қажетті мамандар оқытыла бастады - АРҚА АЖАРЫ

Орталықта қажетті мамандар оқытыла бастады

Жуырда Есіл ауданында «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшысы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламасына қатысушылардың іс-тәжірибесі басталды. Бұл бастама «Мансап» орталығында тіркелген жұмыссыздардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Қазірдің өзінде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тиімді құрал ретінде өзін танытып үлгерді. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақмола облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының мансап орталығы» филиалының маманы Николай Косиченконың айтуынша, қысқаша мерзімдік оқу жұмыс берушілер үшін қосымша шығынсыз білікті кадрларды даярлаудың бірегей мүмкіндігі. Ол жұмыссыздар үшін жаңа мамандықты меңгеру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Қазіргі уақытта бағдарлама қатысушыларының арасында кәсіби дамуға ұмтылған жас және жетілген адамдар бар. Мысалға, ең жас қатысушы 2000 жылы туған Сергей Хабибулин «Шаңырақ Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Сондай-ақ, жасы үлкені Геннадий Киреев 1976 жылы дүниеге келген. Ол осы кезде «Ислам мәдениет» кәсіпорнында тәжірибе жинақтауда.

Оқыту бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініші бойынша ұйымдастырылады. Бұл қатысушыларды одан әрі жұмысқа орналастырудың кепілі болып табылады. Тағы бір артықшылығы, оқу аясында оларға 31422 теңге көлемінде ай сайынғы шәкіртақы түріндегі мемлекеттік қолдау және медициналық тексеруден өту шығындарына 7384 теңге өтемақы беріледі. Оқу ұзақтығы үш ай. Оны аяқтағаннан кейін қатысушылар біліктілік емтиханын тапсырып, өтініш берген жұмыс орындарына қызметке орналасады. Бүгінде оқу бағдарламасымен 12 қатысушы тәжірибеден өтуде. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшысы» мамандығы бойынша 6, «Аспаз» мамандығы бойынша 6 болашақ маман білім игеруде.

Айта кету керек, Есіл ауданында 378 жұмыссыз тіркеліп, жұмыс іздеп жүр. Мұндай бағдарламалар өңірдегі бұл көрсеткішті төмендетіп, өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам болып табылады. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама төңірегінде жұмыс берушілерден аспаз, сатушы, тракторшы мамандықтары бойынша оқуға өтінімдер қабылдануда: Кадрға мұқтаж жұмыс берушілер мен оқу оқуға ниет білдірген жұмыссыздар Есіл ауданы бойынша «Мансап» орталығына хабарласуына болады.

Есіл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар