Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су тасқынынан кейінгі мәселелер шешімін  табуда - АРҚА АЖАРЫ

Су тасқынынан кейінгі мәселелер шешімін  табуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңінен  баяндап берді. Көктемгі су тасқыныныңзардаптары да сөз болды.

Осы апат салдарынан Жарқайың ауданы бойынша 150-ден астам үйді су басқан еді. Қазіргі таңда Пригородное ауылында «Қазақстан халқына»  қорынан   екі пәтерлі 15 үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Асар Ақмола» қоры арқылы 10 жер үй сатып алынды. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жалғаса түсуде.

Жыл басынан бері ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, бөлшек тауар айналымы көрсеткіштерінде өсім бар. Биыл жалпы құны 2,7 миллиард теңге болатын 5 инвестициялық жоба іске асырылып,  40-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

–Бүгінгі таңда, 800 ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 1,3 миллиард теңге.  Сондай-ақ, құны 100 миллион теңге болатын жол бойындағы қонақ үй, асхана, көлік жуу, дөңгелектерге қызмет көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде.  Аудан орталығы Державинск қаласында мешіт   бой көтеріп,  сыйымдылығы 3 мың тонна астық қоймасы салынып жатыр. 340 гектар жерге суару жүйесін орнату жұмыстары да жүргізіліп жатыр, –деді Жанболат Хамитов.

Жарқайың ауданы облыс бойынша ірі аграрлы өңірдің бірі. Осыған байланысты биылғы жылы 700 мың гектар алқапқа дән сіңіру жоспарланған. Бүгінгі таңда егін 480 алқапқа егілді. Ал, ауыл шаруашылығының ішкі өнімі соңғы 5 айда 1 миллиард теңгеден асты. Былтырғы жылмен салыстырғанда  көрсеткіш 3  пайыз болса да артқан.

–Барлық санаттағы шаруашылықтарда ірі қара мал басының саны 11 мыңнан асып, былтырғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға артып отыр. 600 тоннаға жуық қара малдың еті сатылып, 1500 тоннадан астам сүт сауылды. Сондай-ақ, 400 мың данадан астам жұмыртқа өндірілді,–деп баяндады аудан басшысы.

Сондай-ақ, 2 мектеп пен 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Оған бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Брифинг соңында аудан басшысы осындай азды-көпті жетістіктерге қарамастан, өңірді дамыту мәселелері белсенді  жұмысты талап ететінін алға тартты. Оның айтуынша, жаңа биіктерге қол созу үшін инфрақұрылымды жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, тағы басқа бағыттардағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Тек сонда ғана аудан  тұрақты дами түседі.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар