Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамытумен қатар мамандандырылған машиналар өндірісі де дамуда. Аймақтағы ауыл шаруашылығы техникасын ірі өндірушілердің бірі «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС болып табылады.
Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ТМД-дағы осынау ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету сервистік орталығына барды.
2024 жылдың 4 айында аймағымызда шамамен 80 астық жинайтын комбайн, 125 мамандандырылған автомобиль-өрт сөндіру, әскери мақсаттағы техникалық көмек машиналары, 600-ден астам трактор
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы, ирригация және көкөніс шаруашылығы процестерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығын, оқу сыныбы мен шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығын, көрме алаңдарын, сондай-ақ, қосалқы бөлшектер қоймаларын аралап көрді.
Серіктестіктің бас директоры Сергей Глоккенің айтуынша, компания өндірістің жаңа технологияларын, кәсіпорындағы технологиялық тізбектерді автоматтандыруды әзірлеуде. Сондай-ақ, метеорологиялық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдер кәсіпорындарды басқаруды оңтайландыру және далалық жұмыстарды жоспарлау, соның ішінде өсімдіктерді қорғау және ұрықтандыру, егін жинау уақытын болжау және қоршаған орта деректерін жинау үшін пайдаланады. Фермерлер мен жас мамандарға арналған оқыту орталығы да жұмыс істейді.
Марат Ахметжанов өз сөзінде Ақмола облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңірдің бірі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығында цифрландыру технологиясын белсенді енгізу саланың дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.