көкшетаулық әріптесіміз Жанмұрат Жанайдаровтың немересі болып шықты
Ақ түйенің қарны жарылған осы бір жақсы хабарды мен атасының өзінен естідім. Қуанышқа құтты болсын айтайын деп шаңырағына бас сұқсам, қаламгер замандасым Астанадан жаңа келіп отыр екен. Қазақ радиосында ұзақ жыл қызмет істеген журналист осы ұжымның Астана қаласында өткізілген 95 жылдық тойына қатысып қайтыпты. Жалпы, бұл Жанмұрат Жанайдаровтың тоғызыншы немересі. Астана қаласында тұратын ұлы Медет пен келіні Әсемнің төртінші перзенті.
– Бұрын кім білген, немере балаңнан да тәтті болады екен. Астаналық құда-құдағиларымыз Рақымжан мен Айман Ахметовтер де қуанып жатыр. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне қамданып жүргенімізде әулетімізде осындай жүрекжарды қуаныш болып жатыр. Мерейлі мерекемен орайлас жарық дүние есігін ашқан кішкентай сәбиіміз күні ертең ер жеткенде, бір атаның емес, елдің азаматы болсын, – дейді Жәкең.
Рая әжесі де қобалжулы. Атам қазақ «қуанған мен қорыққан бірдей» дейді ғой. Шаңырақтағы шаттықтың лебі жүрегін елжіретіп жіберсе керек.
– Әдетте сәбилердің атын өзіміз қоюшы едік. Бұл жолы балаларға рұқсат бердік. Біздің бар байлығымыз осы ұрпағымыз емес пе. Үйде отырып немеремнің бауы берік болып, тіл-көзден аман қылсын деп тілеп отыр-
мын, – дейді әжесінің де ет жүрегі елжіреп.
Айтпақшы, жиырма бес мыңыншы сәби дүниеге келген күні Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Әсемді перзентханаға арнайы келіп құттықтап, сый-сияпаттарын жасаған екен. Әріптесіміздің шаңырағындағы осы бір қуанышқа мен де баспасөз арқылы тілектестігімді білдірмей қала алмадым.
Шыңғыс ТАШЕНОВ,
журналист.