Бастауыш партия ұйымдарын ынталандыру, олармен тығыз жұмыс істеу, партиялық кадрлармен жұмысты жандандыру мақсатында «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы бастауыш партия ұйымдары арасында «Ұлттық ойын-халық мұрасы» атты спорт ойындар эстафетасы өтті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық спорт түрлерін қолдау, насихаттау және дамыту мақсатында өткен бұл спорттық эстафета өз деңгейінде жақсы өтті дейді әділ қазылар. « Әр команда жақсы дайындықпен келіп, белсенді қатысып, жеңіске деген күш жігерін көрсетті. Жалпы, осындай жарыстар әрбір бастауыш партия ұйымын қатыстыра отырып, әр ауданда өтетін болады. Жыл бойы жалғасатын болады»,- деп атап өтті партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова.
Спорттық сайыстарда өнер көрсеткен Көкшетау қаласындағы 12 бастауыш партия ұйымының мүшелері асық ату, арқан тарту және тоғызқұмалақ ойындарынан жарысқа түсіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал қатысқан командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жүлдері бірінші орынды ұстаздардан құралған «Болашақ» бастауыш партия ұйымының командасы, екінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің «Зияткер», ал үшінші орынды облыстық әкімдіктің мемлекеттік қызметшілерінен құрылған «Жалын» бастауыш партия ұйымының командасы жеңіп алды. Қалған командалардың барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстадық.
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы