Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмбақ кейіпкер: перденің әр жағындағы мұң - АРҚА АЖАРЫ

Жұмбақ кейіпкер: перденің әр жағындағы мұң

Таяуда «Шаңырақ» психологиялық-әлеуметтік қоры «Жұмбақ кейіпкер» айдарымен  диалогтік алаң ұйымдастырды. 

Бұл кешке кейіпкер болып келген Көкшетау қаласының тұрғыны (аты-жөні белгілі себеппен айтылмай отыр)қызының тағдыры жайында сыр шертті.
– Қыз бен гүл – егіз дүние. Егер гүлге су құйып, оны аялап күтпесең, ол солып, өз әсемдігін жоғалтады. Қызға да дәл сондай күтім, ерекше мейірім қажет.  Мен де қыздарымды солай нәзік гүлге теңеп өсірген анамын. Алайда, ішімнен шыққан бауыр етім ешкімнің сөзіне қарамай, өзі ұнатқан азаматқа тұрмысқа шығып, енді зәбір көріп жүрген жайы бар, – деп жабырқау
дауыспен перденің артында отырған ана тіл қатты.
Жұмбақ кейіпкер болып келіп отырған ананың жүрегіне бататыны осы қызғалдағының күннен күнге солып бара жатқаны. Иә, қыз бала жат жұрттық болғанымен, әр  ата-ана өз баласы үшін алаңдайтыны мәлім. Ал, қыздың келешек  тағдыры тікелей өзі барған жеріне байланысты. Қазіргі таңда   ұзатылып кеткен қызы өздерінен алыс елді мекенде  тұрады.  Ата-ана мен ағайынның  сөзіне қарамай, осыдан сегіз жыл бұрын өзбек ұлтының азаматына тұрмысқа шыққан.     
Содан бері  төрт баланы дүниеге әкелсе де, өмірде жолы болмай  жүр. Ал, сыйластық болмаған  шаңырақта  шаттық  пен   береке сақтала ма? Сонымен, бұл шаңырақтың шырқын бұзып келе жатқан не? Ең алдымен,  кейіпкеріміздің күйеу баласының тұрақты жұмыс орны жоқ екен. Одан қалды, әйеліне  қол көтеріп, қонақ атаулыны үйіне жуытпай, төрт баланы ұнатпай, көздерін жәутеңдетіп, солардың жәрдемақысымен ғана күнелтеді. Ерім деп қадірлеген әйелін соққыға жығып жатса, бауыр еті – балаларына білім алуларына тыйым салса, бұл қандай әке сонда?!.
Кешке келген кейіпкер ананың даусынан дәрменсіздікті сездік. Себебі, күйеу баласына қауқары жетпейді екен. Ағайын болып бұл мәселенің шешімін табу үшін талай рет туысқандар қол ұшын созғанымен, қызы да бұл көмекті қабылдамапты. Басты себеп, өзі мен балаларының өмірі үшін қорқатын көрінеді.
Осы шараға   сарапшы  болып келген  облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция майоры Айгүл Бектұрғанова:     
– Әр әйел өзгелерге деген құрметін әуелі өзінен бастауы керек, – дей келе, келіншектің  бір шешім қабылдағаны жөн екенін айтып, ерінің қол көтеруі ауыр  қылмыс екенін де ескертіп өтті. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша іскер  әйелдер  қауымдастығының төрайымы  Дәмелі Қойшина    «Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай  қоймайды», – дегенмен, жұбайын ешқайда шығармай, үйге қонақ жуытпаса, балаларға  тиісті тәрбие беріп, отбасын асырамаса, ондайдың адамшылыққа  жатпайтынын жеткізіп, кейіпкердің қызына да психологиялық көмек қажет екенін алға тартты.
«Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» мәпелеп өсірген  балаға  өзгенің  жұдырығы тиіп жатқаны  қай ата-ана үшін де өте ауыр жағдай. Ал, бұл  кейіпкер жанайқайын кімге, қайда  жеткізерін білмей дал.  Себебі,  көрші-қолаң, туыс-туған мен дос-жаран «қызын өзбекке берді», – деп  кінәлайтын көрінеді. Ал, сонда ақиқатты  кім біліп жатыр?  Ана ешкімге шындықты дәлелдегісі де келмейді. Тек қызының бақытты болғанын қалап, басқа жастар да жар таңдауда қателікке ұшырамаса екен  деген ниетте ғана.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар