Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биылғы су тасқынынан алар сабақ жетерлік - АРҚА АЖАРЫ

Биылғы су тасқынынан алар сабақ жетерлік

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола облысы бойынша филиалының бас инженері  Олжас Тұржанов  пен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Айбек Серәлінің қатысуымен су тасқыны кезеңінің қорытындылары ортаға салынды.

Көктемгі су тасқыны жауапты органдардың жағдайдың, алдын ала алмағандығын көрсетті. Бөгеттер жарылып, арналардан су асты. Салдарынан көптеген елді мекендер суда қалды. Бұл күнде осы олқылықтардан қандай қорытындылар шығарылып жатыр?

–Қазіргі уақытта «Астана» су қоймасын қалпына келтіруге қатысты конкурстық шара жүріп жатыр. «Казгипроводхоз» институты жеңімпаз ретінде анықталды. Енді олар алдағы екі жылда оны әрі қарай жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжат әзірлейді. Оған қоса, Жақсы және Есіл аудандарының аумағында қосымша судың жиналуын қамтамасыз ететін «Есіл» контррегуляторын салу жоспарлануда, – деді бұл орайда, Олжас Тұржанов. Бұл ретте, Астана қаласының қорғаныш бөгетін жаңғырту да қолға алынбақ. Қазір оған мемлекеттік сараптама өткізуге дайындық жүргізілуде. Жоба жүзеге асырылса, құрылымның сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, құрылғы Нұра өзеніндегі тасқын суларды ағызуды жүзеге асыруға септігін тигізбек. Сонымен бірге, бұған дейін белгілі болған «Есіл» суға қарсы реттегіш құрылысы Есіл өзені ағынының зиянды әсерінің алдын алады. Ол су тасқынының бір бөлігін ұстап қалып, қайта реттейді. Және де ең алдымен, аумағында орналасқан «Сергеев» және «Петропавл» су қоймаларының жұмысын тұрақтандыруға ммүкіндік береді.

–Есіл бассейніне бес су қоймасы кіреді. Биылғы жылы Казгидорметтің мәліметі бойынша Астана су қоймасына 489 миллион  текше метр су келіп құйылған. Ал, жылда күтілетін норма 136 миллион текше метр. Яғни, екі еседен де асып түседі. Бірақ, біз арнайы шаралар қабылдап, облыс әкімдігі, төтенше жағдайлар департаменті алдын алу жұмыстарын жүргізіп, су тасқынын өткіздік, – деп атап өтті Айбек Сәрсенұлы. Оның сөзінше, суды реттейтін құрылым, бұл түбінен ағызатын жерлерді қамтамасыз ету қажет болатын жабық бөгет. Оның көмегімен өзен арнасының жағалауын су басу қаупінсіз өзеннің өткізу қабілетін арттыруға болады.Қала шегінде жабайы өсiмдiктердi тазарту, жою және өзендердiң ағын бейiнiн белгiлеу, нақты жағдайды ескере отырып, алдағы 2025 жылдардағы тасқын суларды қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау қажет.

Айта кетейік, коммуналдық қызметтер 66 мың метр арық желісін тазартып, 15 мың метрден астам желілік коллекторлар мен 3,3 мың дана инспекциялық және жаңбыр суы бар ұңғымаларды, 7,5 мың метр желілік құбырларды бумен өңдеген. Бірақ, бой бермеген су тасқынының бұл цифрларға сендіре қоюы да екіталай ма деп қаласың.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар