Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының Абылай хан алаңында вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар арасында Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтті.
Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, ұжымдардың шығармашылығын насихаттау бағытында ұйымдастырылған шарада вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар қазақстандық авторлардың сүйікті қаламыз туралы жазған әндері мен шетелдік танымал эстрада әндерін шырқады.
Олардың қатарында Егіндікөл ауданының «Сазды әуен», Ерейментау ауданының «Портал», Зеренді ауданының «Жалын», Астрахан ауданының «Алау», Атбасар ауданының «Мерей» вокалды-аспаптық ансамбльдері бар.
Шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Барлық өнерпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.