Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрбір мәселенің шешімі – іске деген жауапкершілікте - АРҚА АЖАРЫ

Әрбір мәселенің шешімі – іске деген жауапкершілікте

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау, жол құрылысы және алдағы жаңа жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланып, пысықталды.

Әкімдік отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Бейбіт Жүсіпов, өңір басшысының орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Белгіленген күн тәртібіне сай, Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев баяндама жасап, өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен баяндап берді. Баяндамашы қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары туралы айта келе, соңғы жылдары орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында ұрлық, кісі тонау секілді басқа да ұсақ қылмыстар азайғанын тілге тиек етті. Аршалы ауданының Жібек жолы  ауылында бертін орнатылған ақылды бейнебақылау камералары өз нәтижесін беріп жатқанына назар аударды. Ол құралдардың ақылдылығы сонда – жоғалған адамның фотосуретін жедел басқару орталығына алып барса, сол бейнебақылау камералары жоғалған адамның жүріп өткен орындарын бет-бейнесін тану арқылы тез тауып береді екен. Облыс әкімі мұндай ақылды бейнебақылау камераларын келесі Ұлттық Құрылтайға дейін Бурабай курорттық аймағына орнату үшін қажетті жұмыстарды қолға алуды тапсырып, бұл шара туристердің қауіпсіздігі мен курортты аумақтағы қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізері сөзсіз екендігін атап өтті. Осы ретте, мектептердің бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерінің де жедел басқару орталығына қосылуы кеңінен талқыланды. Облыстың 500-ден астам мектебінің 50 пайызы ғана жоғарыда аталған орталыққа қосылыпты. Осыған орай, аймақ басшысы облыстық білім басқармасы мен полиция департаментінің басшыларына мектептердің барлығын орталыққа қосу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, отырыста қазіргі қоғамды алаңдатып отырған алаяқтарға тосқауыл қою, адам өлтіру қылмысын төмендету, отбасындағы зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарға жасалатын жыныстық қол сұғушылық, жолда мас күйде жүру тәрізді жағдайлар да талқыға салынды.

Жол құрылысына ойысатын болсақ, Ақмола облысының аумағында биыл жергілікті маңызы бар 5 мың шақырымнан аса жол жөнделіп, салынады деп жоспарланған. Жолдардың құрылысы мен жөнделуі бойынша өңірде 130 жоба қолға алынып, бұған бюджеттен 66 миллиард теңгеден астам ақша бағытталмақшы. Оның 46 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен бөлінеді. Аймақ басшысы жол салу мәселесі бойынша бұрыннан қолға алынып, әлі аяқталмаған жобалар бойынша аудан басшыларына сын-ескертпелерін айтып, уақытында әрі сапалы аяқтауды бақылауға алуды тапсырды. Сонымен бірге, облыс әкімі жаңадан салынып жатқан білім мекемелеріне баратын жолдарды бірінші кезекте аяқтау қажеттігін ескертті.

Ал, жылыту маусымына дайындық бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақжол Қылышбаев сараптамалық баяндама жасады. Былтырғы жылыту маусымында орын алған келеңсіздіктер мен оларды қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2024-2025 жылғы жаңа жылыту маусымына дайындықтың басталып кеткендігін, былтырғы олқылықтарды болдырмас үшін жасалып жатқан шараларды баяндады. Жылыту маусымына дайындыққа биыл жалпы қазынадан 32 миллиард теңге қарастырылып отыр. Аймақ басшысы аудандар мен қалалардың әкімдеріне жаңа жылыту маусымына дейін барлық кемшіліктерді жоймаса, қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Әсіресе, Степногорск пен Қосшы қалаларының жылыту маусымына ерекше назар аударылды.

Отырысты қорытындылаған аймақ басшысы жоғарыда аталған үш мәселенің де өзекті тұстарына тоқталып, әр іске жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.

Ы. ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар