Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көзі нашар көрсе де, көкірегі ояу... - АРҚА АЖАРЫ

Көзі нашар көрсе де, көкірегі ояу…

Әдетте,  мүмкіндігі шектеулі адамдар өте сезімтал келеді. Олардың таным-түйсігі жақсы дамиды. Мұндай жандардың оқуға деген қызығушылықтары ерекше болады.  Иә, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ғұмыр жолында  әрбір жан баласы  бақыттан дәмелі. Біреу байлықты аңсайды, біреу бала сүйсем, бәзбіреу мансапқа жетсем дейді, ал, кейбіреуге жарық сәуленің нұрлы шуағын бір көру арман…

1971 жылы Көкшетау қаласында көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапхана ашылды. Қазір мұнда  барлығы 1300 оқырман тіркелсе, оның 550-і зағип жандар. Кітапхананың негізгі міндеті көзі көрмейтін азаматтардың көркем, кәсіби және мерзімдік басылымдарды пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсаттың орындалуы үшін кітапхана қорында аналогтық және сандық ақпарат тасығыштарға түсірілген дыбысталған әдебиеттер мен бедерлі-нүктелі қалыпта (Л.Брайль әдісі) орындалған басылымдардың мол қоры жинақталған. Бұл ретте Брайль үйірмесінің қосар үлесі мол болмақ.  Үйірмеде  зағиптар компьютерде жұмыс істеу негіздерін үйренеді.
Жыл сайын осы жүйемен оқу және жазу білетін зағиптар, яғни,  1-2 топтағы көзі көрмейтін оқырмандар арасында байқау өткізіледі. Биылғы жылы өткізілген байқауда Атбасар ауданының тұрғыны 1 топтағы зағип Айгүл Бекужанова мен Бұланды ауданының Мариновка  ауылының тұрғыны Марина Рванцова ерекше қабілеттерімен көзге түсті.  
Сондай-ақ, кітапханамыздың рухани және мәдени өміріне белсене ат салысып жүрген  ең кішкентай оқырманымыз Амир Мұратбеков пен көргені мен түйгені көп қарт оқырман Қайырбек Ерденовтерге  зор алғымызды білдірсек деп едік.

Гүлнәр АНТАЙБЕКҚЫЗЫ,
Көкшетау қалалық  зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапхананың меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар