Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балабақшаға кезек мәселесі шешілген - АРҚА АЖАРЫ

Балабақшаға кезек мәселесі шешілген

Егіндікөл ауданының әкімі Нариман Төлепов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, өңірдің тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Аудан әкімі  өз сөзін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлес салмағы зор ауыл шаруашылығы саласынан бастады. Осы салада өндірілген өнім көлемі өзге саламен салыстырғанда айта қаларлықтай.
– Егіндікөл ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен, оның ішінде жоғары сапалы бидай өсірумен айналысады. Ауданның жер көлемі 543,9 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы жері 518,6 мың гектарды немесе 86 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы 324 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар  егіліп, әр гектарынан 13 центнерден астық алынды. Сол себепті, осы салада жалпы өнім көлемі 96,4 пайызға жетті, – деді аудан әкімі өз сөзінде. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 11 миллиард 690 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Биылғы жылы аудан диқандары 421 мың тонна астық жинады. Бұл өткен жылғы көлемнен біршама жоғары. Сонымен қатар,  аудандағы мал шаруашылығы саласында да ілгері басушылық бар. Өңірде етті мал шаруашылығын дамыту аясында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 2011 жылдан бері қара мал, жылқы, қой сатып алған.
Сонымен қатар,  аудан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға да белсенді қатысуда.  Мәселен, бір ғана осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 117 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оған қоса, өнеркәсіп саласы мен шағын және орта бизнес те даму үстінде. Тоғыз айда инвестиция көлемі 2 миллиард 258 миллион теңгені құрады.  Аудандағы жағымды жаңалықтардың бірі – балабақша кезегінің жоқтығы. Нариман Төлеповтің сөзіне қарағанда, аудан халқы санының артуы бойынша облыста бесінші орында болғанына қарамастан, мемлекеттік бағдарламаның арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 98,2 пайыз шешілген.
Сонымен  қатар, өңірде  Елбасы Жолдауында айтылған денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт бағытында да біршама іс тындырылған. Брифинг барысында  журналистер аудан әкіміне өңірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар