Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Жаз өте шығады. Жылу беру маусымына тиянақты дайындық жүргізілсін!» - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Жаз өте шығады. Жылу беру маусымына тиянақты дайындық жүргізілсін!»

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдік отырысында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды.        

– Ағымдағы жылы жылу беру маусымына дайындалуға барлық қаржыландыру көздерден шамамен 32 миллиард теңге бөлінді, – деп хабарлады энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақжол Қылышбаев.

– Көкшетау және Степногорск қалаларында жылумен жабдықтау көздері және желілерінің тозуы жоғары. Сондай-ақ, Бурабай, Шортанды, Ақкөл, Атбасар аудандарында жөндеу жұмыстары ерекше назар аударуды талап етеді. Ондағы желілердің тозуы 56 пайыздан 81 пайызға дейін. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады, – деп атап өтті спикер.

Жылыту маусымының сәтті өтуі және пәтерлерде температуралық режимді сақтау үшін маңызды фактор басқару органдарының көп пәтерлі тұрғын үйлерді қыста дайындауы болып табылады. Жоспарға сәйкес, облыста 2630 көп пәтерлі тұрғын үйдің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Бұл тұрғыда Бурабай ауданында  дайындығы кемшін түсіп отыр.

Су тасқыны кезінде электр желілерінің 286 тірегі зақымдалды, бүгінгі таңда 196-сы қалпына келтіріліп, бұл жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, жиында жаңа абоненттерді жылу желілеріне қосу тәртібі, халықты көмірмен және мазутпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Өңір басшысы Марат Ахметжанов аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне бейінді басқармалармен бірлесіп, жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізуді және алдағы жылу беру маусымының үздіксіз өтуі үшін толық дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.

– Біз штаттан тыс жағдайлар орын алған кезде салдарының тәуекелдерін бағалау және зақымдануды азайту үшін тез әрекет етуге дайын болуымыз, жылумен жабдықтаудың бұзылуына жол бермеуіміз керек. Сондай-ақ, апатты жағдайда отын мен материалдардың, жабдықтар мен техниканың нормативтік қорын қамтамасыз ету қажет, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі Марат Ахметжанов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар