Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл мәресі жақын қалды - АРҚА АЖАРЫ

Жыл мәресі жақын қалды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесі аяқталып келе жатқан биылғы жылды барлық сала бойынша табысты қорытындылау мәселелеріне арналды.

–Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала шығарылған қорытындылары жаман емес, – деді бұл орайда, өңір басшысы. – Енді жылдың он бірінші айын, сонымен бірге, тұтастай биылғы жылдың өзін ойдағыдай аяқтау мәселелеріне қатты көңіл бөлу керек. Тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде қандай нәтижелерге жеткендігіміз дәл осы кезеңде жан-жақты көріне түсуі тиіс. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй жоспары қазірдің өзінде 140 пайызға орындалғаны қуантып отыр. Алайда, жыл аяғына дейін де тапсырылатын үйлер бар. Оларды алдымыздағы мерекелерге орайластырып, мерзімінен бұрын, сапалы тапсыру басты назарда ұсталуы қажет.
Аппарат кеңесінде сондай-ақ, қысқы жылу беру маусымына дайындалған отын қоры да сөз болды. Қазір ол желтоқсан айына жетеді. Енді қаңтарды да ойластырған жөн. Өйткені, қыстың басы алғашқы күндерден жеңіл болмайтынын көрсеткендей. Бүгін аяз 20 градустан асып отыр. Егіндікөл ауданында 30 миллиметрге дейін қар түскен. Бұл қыраулы қысқа қатысты мәселелердің бәрі тез, тиянақты шешіліп отыруы керек деген сөз.
Бұдан әрі облыс әкімі жыл аяғына дейін еңбекақы қарыздарын жабудың жай-жапсарына тоқталып, тиісті тапсырмалар берді. «Сага Голд Крик» өз қарыздарын жапқан. Енді «Қазэлеватормельмонтаж» серіктестігімен жұмыс істемей болмайды. Азық-түлік бағасы да өсіп кетпей, бір деңгейде тұрақты ұсталуы тиіс. Жыл аяғына дейін екі жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Президенттің «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары сөзсіз орындалуы шарт.
– Жетім балаларға қамқорлық, атап айтқанда, пәтер мәселесі жөнінен менің берген тапсырмамды 5-6
аудан орындамай отыр.  Оларға тиісті шаралар қолданылатындығын да ескертуге мәжбүрмін, – деді одан әрі облыс әкімі. – Келесі жылдың жоспарына кемінде 5 мектеп құрылысының енгізілуіне бар күш салынуы керек. Қанша фельдшерлік-акушерлік пункт саламыз? Осының бәрін тездетіп шешу және қаржы қарастыру үшін басқарма басшыларын бір орында отыра бермей, министрліктерге шығуға, осы құрылыстардың облысқа керек екенін дәлелдеп, оң нәтижелерге қол жеткізуге күш салуға шақырамын. Целиноград ауданына, Бурабай-Щучинск курорттық аймағына келер жылға үкіметтен қанша қаржы бөлінеді, осының бәрі бізді қатты алаңдатуы тиіс. Тағы да айтамын, министрліктерге барып, осы мәселелерді күні бұрын пысықтап, келер жылға берік негіз қалауымыз қажет.
Осылайша бүгінгі күннің басты мүддесін  көздеген аппарат кеңесінде басқармалар, аудандар мен қалалар басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеліп, жаңа жылға толымды нәтижелермен қадам басудың қам-қарекеті қарастырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар