Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәбилердің кіндік шешесі - АРҚА АЖАРЫ

Сәбилердің кіндік шешесі

өмірге нәрестенің келуіне көмектесетін  акушер туралы осылай десек, артық емес

Жалпы,  «акушер» сөзі француз тіліндегі accoucheur сөзінен шыққан, ал, оның мағынасы «босану кезіндегі көмекші».  
Бұл мамандықтың маңызы өте зор, жауапкершілігі де аз емес. Олай болатындығы, акушердің білімі мен тәжірибесі, кәсіби шеберлігі ана мен баланың саулығына әсер етеді. Тіпті, өмірлері де осы бір қасиеттерге байланысты десек, артық емес. Акушерлер аналардың тоғыз ай он күн көтерген нәрестесінің жарық дүниенің есігін сәтімен ашуына адам айтқысыз көмек-жәрдемін, шарапатын тигізеді.
Сондықтан да, олардың елеулі еңбегі әрдайым сый-құрметке лайықты. Олар қажетті құжаттарды рәсімдейді, босануға дейін және де босану кезінде болашақ ананың қасынан табылып, жүкті, босанған, жаңа босанған әйелдерге қажетті медициналық көмек және рухани қолдау көрсетеді. Ал, босану бөлімшесі акушерінің ең маңызды мақсаты – сәбиін өмірге әкелген әйелге көмектесу және жаңа туған нәрестені алу. Осы арада акушер міндеті мен қызметіне не кіреді деген орынды сауал туындауы да мүмкін. Ең алдымен, акушердің бойындағы адами қасиеттері әйел адамға тән болуы қажет.
Әншейінде адамдар акушерлердің еңбегін елей бермеуі де мүмкін. Шын мәнінде бұл өте құрметті әрі күрделі мамандық. Дүниеде нәрестенің жарық дүниеге келуінен асқан қуанышты не бар? Дәл осындай сәтте ана мен баланың жанынан табылып, өз бойындағы жылдар бойы жинаған бай тәжірибесі мен білімін ұтымды жұмылдыра отырып, қызмет көрсететін акушерлердің көмегі ең алдымен, жүректеріндегі жылы сезім мен ізгі ниеттеріне байланысты. Онсыз бұл мамандықты игеру әсте мүмкін емес.
Дәрігер-неонатолог жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалайды. Босану бөлімшесінің акушерлері шын мәнінде кәсіби мамандар. Ол нәресте мен анаға қажетті көмек бере алады. Акушердің бойында жоғары кәсібилігіне қоса, жауапкершілік, мейірімділік, қайырымдылық және аяушылық білдіру сияқты қасиеттер болуы қажет.

Ирина САКАЕВА,
облыстық перинаталдық орталықтың бас акушері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар