Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Металлургия – экономиканың ең маңызды салаларының бірі. Қазіргі заманға сай технологиялардың енгізілуі, өндіріс орындарының жаңғыртылуы және ғылыми жетістіктердің арқасында сала кәсіпорындары Қазақстанда және шетелдерде де сұранысқа ие өнімдерді өндіруде.

Металлург мамандығы ежелден қайратты, еңбекқор, ерік-жігері мықты адамдардың кәсібі болған және солай болып қала бермек. Сіздердің таңдап алған мамандықтарыңыз үлкен жауапкершілікті, өз істеріңізге деген адалдықты, терең білімді талап етеді. Сондықтан, металлургия саласы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, қайсар мінезі, шеберліктері мен біліктіліктері қашан да құрметке лайық.

Осы күні сала ардагерлеріне де ерекше алғыс айтқым келеді. Саланы дамытуға елеулі үлес қосып, оның берік іргетасын қалаған металлургтердің есімі өңір тарихында мәңгі сақталып, еңбектері шеберлік пен адалдықтың айнымас үлгісіне айналады. Ал, бүгінгі металлургтер алдыңғы буынның қалыптасқан дәстүрлерін сақтап, одан әрі дамытып, жетілдіріп келеді.

Құрметті жерлестер!

Осынау мерекеде еліміз бен облыс тұрғындарының игілігі мақсатында атқарып жатқан еселі еңбектеріңіз үшін, жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін!

*** 

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мереке – Металлург күнімен құттықтаймын!

Металлургия еліміздің өнеркәсіптік дамуының, оның күші мен әл-ауқатының нығаюының локомотиві болды және болып қала береді.  Металлургиялық кәсіпорындардың өнімдері қай салада болмасын сұранысқа ие.

Тау-кен металлургия кешенінде әрдайым жоғары білікті мамандар,  өз ісін мықты білетін және жақсы көретін нағыз шеберлер жұмыс  істеуде. Сіздер даңқты тарихыңызбен, осы саланың дамуына елеулі  үлес қосып, ең бай табиғи ресурстарды игеріп, экономиканы дамыту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін өз еңбектері мен таланттарын  салып, қуатты база құрған әріптестеріңіздің    жетістіктерімен мақтана аласыздар.

Бүгінде металлургия саласында өндірісті түбегейлі жаңғырту жүргізілуде, озық энергия тиімді, экологиялық қауіпсіз технологиялар кеңінен енгізілуде. Саланың алдында жаңа кен орындарын және өнімді өткізудің жаңа нарықтарын одан әрі дамытудың, игерудің өршіл міндеттері тұр.  Әрине, осыған байланысты сауатты, құзыретті кадрларды даярлау, заманауи жұмыс орындарын құру мәселелеріне басымдық беру қажет.

Мықты кәсіби дәстүрлерге, терең білім мен тәжірибеге сүйене отырып, металлургия саласының қызметкерлері алдағы уақытта да Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасының игілігі үшін тиімді еңбек ететініне сенімдімін.

Осы мереке күні  металлургия саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас оптимизм, амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар