Механизатор Бақыткерей Нұржанов «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде үш жыл еңбек етеді.
Еңбек десе ішер асын жерге қоятын ол жыл сайын дала кемесіне отырып, орақ науқанына қатысады. Жас келсе іске демекші, биыл ол өз жүктемесін асыра орындап, әріптестері мен серіктестік басшылығының лайықты құрметіне бөленді. Бақыткерейге құрмет оңайлықпен келген жоқ. Ақық дән пісіп жетілген егін орағы кезінде бір сәт бөгелуді білмеген даңғайыр диқан өзінің қажырлы іс-қимылымен өзге әріптестеріне үлгі өнеге бола білді. Жерде өнгенді жерде қалдырмау басты парыз екендігін жан дүниесімен түйсінген дала кемесінің дарабозы еңбегін елге арнағандығын айтып отыр. Қазір шаруашылық механизаторларымен бірге көктемгі егіске ауыл шаруашылығы техникаларын дайындауда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: механизатор Бақыткерей Нұржанов.
Атбасар ауданы.