Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы әкімінің кубогына шахмат турнирі басталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы әкімінің кубогына шахмат турнирі басталды

Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін классикалық шахматтан ашық турнир басталды. «Bolashaq» сарайында аймақ басшысы Марат Ахметжановтың қатысуымен турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге АҚШ, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстанның гроссмейстерлері және еліміздің он облысынан шахматшылар қатысуда.

Ойыншыларды қарсы алған Марат Ахметжанов мұндай шараның өңіріміз үшін маңызы зор екенін баса айтып, шахматтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Жанбота Қамарованың шахмат тақтасындағы алғашқы жүрісін жасады.

–Шахмат – жай спорт түрі емес, ол ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту деген сөз. Расында да, балаларымыздың осы спорт түріне көбірек қатысып жатқанына қуаныштымын. Әркім өз өнерін, білімін, шыдамдылығын, шеберлігін көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетуіне тілектеспін, – деді облыс әкімі.

Жарыстар төрт секция бойынша өтеді. «А» секциясы халықаралық стандарты бар айналмалы жүйені болжайды, мұндағы жүлде қоры 600 мың теңгені құрайды. Демеушісі – Қазақстан шахмат федерациясы. Бұған АҚШ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанның шахматшылары қатысуда. «В» секциясы – жүлде қоры 1,1 миллион теңгені құрайтын рейтингі бар шахматшыларға арналған швейцариялық жүйе. Көкшетауда Қазақстанның сегіз облысынан – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Көкшетаудың өзінен қатысушылар жиналды.

Келесі «С» секциясы – қатысуға ниет білдірген барлық адамдарға, «Д» – мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Бұл блиц-турнирлердің қатысушыларына номинациялар бойынша 45 мың көлемінде сыйақы қарастырылған.

–Бір жыл бұрын мен шахмат керуені құрамында болдым. Осыдан бірер ай бұрын Көкшетауда Сенат кубогын өткізген едік, бүгінде мұнда 20 жылдан бері Көкшетау топырағында өткізілмеген халықаралық жарыстар өтіп жатыр. Бес елдің өкілдері жиналды, ең бастысы, мұнда балалар көп. Өйткені біз үшін басты мақсат – осы жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне жаңа серпін беру. Өз тілегім, мықтылар жеңіске жетсін, – деді өз сөзінде Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.

Турнирдің бас төрешісі, халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев шахмат ойынына үлкенді-кішілі жүзден астам адам қатысатынын атап өтті. Мұндай ауқымды турнирлер еліміздегі болашағынан үміт күттіретін шахматшылардың спорттық шеберлігін шыңдап, жалпы, шахматтың танымал болуына игі ықпалын тигізеді.

–Қазақстанда, соның ішінде Ақмола облысында шахматқа деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Шахмат ойнайтындаржас жағынан күрт жасарып келеді, бізде жас гроссмейстерлер, тіпті, олардың ішінде 15 жастағы бала да бар. Қазір облысымызда 10500 оқушы шахмат ойнайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, – дейді Серікбай Темірбаев. Турнир 29 шілдеге дейін жалғасады.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар