Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм саласын дамытуға ыңғайлы - АРҚА АЖАРЫ

Туризм саласын дамытуға ыңғайлы

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Жақсы, Ақкөл аудандарындағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы мен оны әрі қарай дамытудың тиімді жолдары қарастырылды.

Комиссия төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақов тұрақты комиссия мүшелерінің аталған аудандарға барған сапары жайлы баяндап берді. Олар Ақкөл аудан-ында «Каз Лес», «ECO PRODUCT», «Үш бұлақ-2005», «ЭкоМилк» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Мир» шағын базарында болған көрінеді. Бұл нысандардың іргесі мемлекеттік бағдарламалар көмегімен қаланған екен. Ауданның географиялық орналасуы туризм саласының дамуына оңтайлы болып отыр. Мұнда бизнес және туризм инфрақұрылымдарының дамуы сауықтыру орталықтары мен мейманханалардың көптеп салынуына түрткі болуда. Ал, Жақсы ауданында «Бизнес жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламаларының жүзеге асуы тұрғындардың бақуатты өмір сүруіне ықпал етіп  келеді. Осы жоба аясында жұмыс орындары көбейіп, жұмыссыздық мәселесі оң шешім табуда.
Дегенмен, аудандарда шағын және орта бизнестің дамуында көптеген  олқылықтар орын алып отыр. Облыстық статистика басқармасының деректеріне қарағанда Жақсы ауданында ағымдағы жылы негізгі капиталға инвестициялар тартылмаған көрінеді. Құрылыс және өндіріс инфрақұрылымында да өтінім саны аз. Сондай-ақ, екі ауданда шаруа қожалықтары мен шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны төмендеуде.
Отырыста сөз алған Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Владимир Елисеев
ауданның тұрмыс-тіршілігімен таныс-тырды. Оның айтуынша, бүгінде  мұнда мал шаруашылығы, жүк тасымалы және ағаш өңдеумен айналысатын нысандар баршылық. Өңір туризм саласымен айналысуға қолайлы болғандықтан, 2007 жылы қала шетінде «SharZHum» демалыс орталығының ашылғанын жеткізді. Бұл кешен қыс мезгілінде  шаңғы тебу, шанамен сырғанау, ал жазда бадминтон және велосипедпен серуендеу сияқты  қызметтер көрсетеді.
Ал,  Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Ләззат Сейдахметова ауданға инвестиция тарту мақсатында жеке кәсіпкерлерге жер телімін сату аукционы ұйымдастырылатынын сөз етті. Туризм саласын көркейту үшін ауданда құрылыс жүргізуге  жер телімдерін бөлу қарастырылған екен.
«Казагромаркетинг» ашық акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Алма Жүсіпова, Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы акционерлік қоғамы басқармасы бас инженерінің орынбасары Сергей Байков шағын және орта бизнесті дамытудағы алғы шарттармен таныстырды.
Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер қорытындыланып, тұрақты комиссияның 2015 жылға арналған жос-пары бірауыздан мақұлданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар