Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Электрондық үкімет» веб-порталындағы онлайн-түзетулер - АРҚА АЖАРЫ

«Электрондық үкімет» веб-порталындағы онлайн-түзетулер

2023 жылғы қаңтардан бастап «Электрондық үкімет» веб-порталында заңды тұлғаның атауы мен мекенжайы бойынша онлайн-түзетулер жүргізу жөніндегі қызмет іске қосылған (www.egov.kz) (бұдан әрі – ЭҮП) болатын.

Түзету үшін заңды тұлға ЭҮП – «заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) атауларын, орналасқан жерін түзету» онлайн қызметін таңдауы қажет.Әрі қарай өтініш үшін қарастырылған барлық өрістерді толтырып, қажет болған жағдайда құжатты тіркеп, содан кейін өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.Кейін осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында тіркеуші органға орындауға жіберіледі.

Онлайн-түзетулер бойынша қызмет көрсету нәтижесі мәліметтерді өзектендіру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.Сонымен қатар, заңды тұлға бір мезгілде атауын және мекенжайын түзету үшін ЭҮП-ке жүгіне алады.

Атауды түзету мен заңды тұлға тіркеу кезінде тіркеуші не өтініш берушінің өзі грамматикалық қателік жіберген жағдайда өтініш бере алады.

Сондай-ақ, мекенжайды түзету кезінде заңды тұлға мекенжайдың тіркеу кодын (бұдан әрі – МТК) алу үшін, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектісі бойынша деректер, мысалы, үйлердің, үй-жайлардың нөмірленуі не көше атауы (тіркеу орнын өзгертпей) өзгерген жағдайда.

Қорытындылай келе, енгізілген онлайн-түзету процесі ыңғайлы болу үшін және халықтың уақытын үнемдеу мақсатында құрылғанын атап өткіміз келеді. Заңды тұлғаның атауы мен мекенжайын түзету бойынша процесті енгізудің артықшылығы қағазбастылықтың болмауы, ең бастысы, кеңседен (үйден) шықпай-ақ мәліметтерді өзгерту мүмкіндігі болып табылады.

Салтанат ЖУВАРОВА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар