Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла көтерген жүк жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Әлем өзгерді. Бұрын кеңестік дәуірде адамдардың менталитеті басқаша болды, олар «әркімге еңбегі үшін», «не ексең, соны орасың» қағидаттары бойынша өмір сүрді. Адамдар жұмыс істеді, балаларын тәрбиеледі, оларға білім берді, оның барысында әркім өз қабілетіне қарай өмір сүрді, мектептен кейін кім жұмыс істеуге барды, кім әрі қарай оқыды, оны өздері шешті. Ешкім өзіне ерекше назар аударуды және қосымша артықшылықтар талап етпеді. 

Қазіргі таңда меніңше, адамдары жалғандыққа тәрбиелеп жатқан сияқтымыз. Біздің кейбір отандастарымыз мемлекеттен қандай да бір басы артық игіліктерді талап ете бастайды.

Биылғы жылы елімізде үлкен апат орын алып, біраз аймақтарды су басты, мыңдаған отбасылар баспанасыз қалды. Бүгінде мемлекет зардап шеккендерге барлық жағынан, соның ішінде қаржылай көмек көрсетіп, негізгі бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұған өте көп қаржы жұмсалатыны да анық.

Шілде айында дәл осындай апат Амангелді ауылының тұрғындарына да келді, ауылдың шетінен өте қатты дауыл өтіп, ондаған үйлер мен шаруашылық нысандарының шатырларын жұлып әкетті. Желдің күші соншалық, шатырлардан ұшып бара жатқан металл жабындысы жерге бір метрге дейін кіріп, қалайы су құтысын тесіп өтті.

Мұндай дауыл ешкімнің есінде жоқ, 85 жастағы ақсақал өз ауылында осындай қатты дауыл ешқашан болмағанын тілге тиек етті.

Әрине, мұндай жағдайларда атқарушы органдардың қызметкерлерін шақырып, табиғи апаттың салдарын жою үшін мемлекеттен көмек сұрау қажет болатын. Бірақ, ауыл ақсақалдары Әбдірахман Дәуітұлы, Орын Көсембайұлы, Қабдырахман Нүркенов, тағы басқалары тұрғындарды жинап:

–Біздің әкелеріміз бен аталарымыз сияқты бүкіл ауыл болып, асар жасап, зардап шеккендерге өзіміз болып көмектесу керек, бұл бір-екі күндік жұмыс. Мемлекеттің басқа да маңызды істері бар, су тасқыны салдарынан үйсіз қалғандарды баспанамен қамтамасыз етсін, – деген болатын.

Құйын белгілі бір бағытта бірнеше секундта өте шыққан ғой. Сол бағытта жеті үйдің шатырларын ұшырып жіберген. Олардың қатарында Темірлан, Рамиль, Талғат, Бейбіт, Ерболат, Асхат, Нұрланның үйлері бар, осы үйлерді жөндеуге Рафаиль, Нығмет, тағы басқа белсенділер көмектесіпті. Темірғали Жүсіпов өз техникасын іске қосыпты. Осыған қарап, біздің ақсақалдар ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті, бұл олардың жылдар бойы қалыптасқан азаматтық ұстанымы, туыстары мен жерлестеріне деген жанашырлығы мен қамқорлығы деп айта аламыз. Шын мәнінде, неге адамдар өздері шеше алатын мәселелерді мемлекеттің мойнына артуы керек?!

Өз кезегінде ауыл тұрғындары ақсақалдардың жоғарыдағы сөздерін түсіністікпен қабыл алып, екі-үш күн ішінде дауылдан қираған барлық үйлер мен шаруашылық нысандарын қалпына келтірді. Менің ойымша, бұл қазіргі заманда өте сирек кездесетін жағдай, мұны мен басқаларға үлгі боларлық іс деп есептеймін.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы кезінде «біз күшті болуымыз үшін бірігуіміз керек»,– деп айтып кеткен еді ғой. Сол айтылғандай, біз біріккен жағдайда ешқандай дауылдан да, басқа табиғи апаттардан да қорықпаймыз. Сондықтан, кейінгі жастарға дұрыс ақыл беріп, жол көрсететін ақсақалдарымыз көп болсын демекпін.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар