Қоянды ауылының маңында су бұру арнасы салынуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Қоянды ауылында салынып жатқан су бұру арнасының құрылыс жұмыстарында болды.

Бұл нысан даладағы еріген қар суының 70 пайызына жуығын Қоянды су қоймасына бұру арқылы көктемгі су тасқыны кезінде елді мекендерді су басу қаупін азайтады.

Облыс әкімінің бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елді мекеннің айналасында су бұру арнасын салып жатыр.

Қазіргі уақытта шамамен бір шақырым жұмыс орындалған. Атап айтқанда, арна құрылысы және топырақ қазу менгеодезиялық жұмыстарға 20-ға жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, ауданда су тасқыны кезеңіне талдау жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен анықталған. Облыс бойынша барлығы 345 алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарланған. Оның ішінде 32 іс-шара Целиноград ауданына тиесілі. Қорғаныс біліктерін, су өткізу құрылғыларын орнату және нығайту, су өткізу арналарын жайластыру және басқа да шаралар бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар