Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал дәрігерлік қызмет саласына жаңа автокөліктер тапсырылды - АРҚА АЖАРЫ

Мал дәрігерлік қызмет саласына жаңа автокөліктер тапсырылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аудандық ветеринария станцияларына 19 жаңа қызмет автокөлігінің кілтін тапсырып, жұмыстарына табыс тіледі және алдағы уақытта да осы саланың жағдайы ұдайы назарда болатындығын жеткізді.   

– Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында облыстың ветеринария саласықызметкер

лерін жаңа заман талаптарына сай көліктермен қамтамасыз ету басты міндетіміз болып саналады. Дана халқымыз «мал-жаның аманба?» деп сұрайды. Өйткені, бұл мал аман болса, жаның аман дегені. Сондықтан, бұл дана сөзіміз осы күні де ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына үлкен көңіл бөлініп жатқан кезде, тек егін шаруашылығын ғана емес, мал шаруашылығында дамыту кезеңі келіп тұр. Малды жұқпалы аурулардан сақтау, мал өнімдерін таза күйінде халыққа жеткізу бізге қойылатын үлкен талап. Сондай-ақ, сіздердің қызметтеріңіз ет және сүт өнімдерінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету, жануарлар арасында қауіпті аурулардың таралуының алдын алу арқылы халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді. Бүгін осы көліктерсол үшін де  берілуде. Алда экономикамызды дамытуға лайықты үлестеріңізді қосады деген сенімдемін, – дей келе, Марат Ахметжанов сала қызметкерлерін жаңа көліктерімен құттықтады.

Сонымен бірге, өңір басшысы ветеринария қызметін қолдау барысындағы бірқатар жұмыстарды атап өтті. Марат Мұратұлының айтуынша, ағымдағы жылы салаға 687 миллион теңге бөлініп, жаңа көліктерден басқа, планшеттер, модульдік ветеринариялық пункттер сатып алынғанжәне үлгілік мал қорымдарының құрылысы жүргізілген. Мұның бәрі мал дәрігерлері жұмысының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, кадр мәселесін шешуге бағытталған шаралар. Бұл ретте, маман тапшылығын азайту үшін әкімдіктің оқу грантыда тағайындалған. Мысалы, осы жылы 13 жас маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан. Оған қоса, 36 ветеринария қызметкеріне баспана алу үшін 111 миллион қаражат көзделсе, 50 маманға 11 миллион теңге әлеуметтік көмек берілген. Қорыта айтқанда, соңғы жылдары ветеринарлық қызметтердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері біртіндеп болсын шешілуде.

– Жаңа көліктер бізге өте қажет. Неге десеңіз, біздің ауданда алыс елді мекендер бар. Аудан бойынша 14 ауылдық округте 60 мыңнан астам қара мал, 70 мың қой, 35 мың жылқы малы бағылады. Жұмысымыз күрделі. Қарамағымызда жетпіс маман жұмыс істейді. Осыдан 12 жыл бұрын алған көлігіміз ескірді. Биыл міне, жаңа көлікке ие болуымыз облыс әкімінің қамқорлығы деп ойлаймын. Келесі жылдары мал дәрігерлік бөлімдерге де осындай автокөліктер берілмекші. Бүгін ауданымызға 2 жаңа көлік берілді, – дейді өз сөзінде Ерейментау аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Орал Төлеуов.

Жалпы, сөз арасында айта кетсек, Ақмола облысында 19 мемлекеттік ветеринариялық мекеме, ал, ауылдық жерлерде 217 ветеринариялық пункт жұмыс істейді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар