Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Өндірісте алдымен еңбек қауіпсіздігін ойлауымыз керек» - АРҚА АЖАРЫ

«Өндірісте алдымен еңбек қауіпсіздігін ойлауымыз керек»

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Берік МҰСТАФИН:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарындағы дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық жаңарулардың бес бағыты бойынша жаңа əлеуметтік саясатты жүзеге асыру шаралары еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай əсер етері анық. Осы орайда, еңбек күші артық өңірлерден жұмыс қолы жетіспейтін аймақтарға миграциялық ынталандыруды күшейту мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл ретте, мемлекеттік еңбек инспекциясына жүктелетін міндет зор болмақ.

– Берік Лұқманұлы, Мемлекет басшысы өзінің «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назар аударуды қажет ететінін атап көрсеткен еді. Əңгіменің əлқиссасын осы мəселеден бастасаңыз.
– Мемлекет басшысының «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюі мен олардың шығармашылық əлеуетінің ашылуымен қосарлана жүретінін, соған орай құқықтары мен бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейетінін, қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру дəрежесі жоғарылайтынын атап көрсеткені мəлім. Əлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбек шығарылып, мемлекеттің, жеке сектор мен кəсіби бірлестіктің əріптестік тетіктері болатын əлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделін құру маңыздылығын ескертті. Сондай-ақ, қазақстандықтардың сапалы əлеуметтік жағдайы мен кəсіби біліктілігі жүйесін экономикалық белсенді тұрғындар арасына енгізу міндетін қойды.
– Осы ойыңызды тарата айтсаңыз…
– Бүгінде əлеуметтік дамудың жаһандық тренді жалпыға ортақ еңбек қоғамына өтуге барып тірелетінін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, адал еңбекке ынталандырудың жолдарын табу, оның қоғамдық жүйесін құру əлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мəселелерінің бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жақсы білгенмен, қорғауға келгенде түрлі кедергілерге тап болып жатады. Оған белсенділіктің төмендігі, бюрократтық кедергілер кері əсерін тигізеді. «Əлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық жəне мəдени байлықтар адамның еңбегімен жасалады»,– деп Елбасымыз айтып өткендей, бақыт еңбекпен келеді. Табысқа жетудің кілті – еңбекте. Олай болса, масылдық пен əлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты əріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу күн тəртібінде тұрғанын аңғару қиын емес. Жаңғырту үдерістерінің табыстылығын көп жағдайда эволюциялық, ортақ жауапкершілік, əріптестік қатысу, ынталандыру қағидаттарына негіздеудің маңыздылығы мақалаға басты өзек болып тартылған.
– Еңбек заңнамасының орындалу барысында осы қағидаттар толық сақтала ма? Орын алған олқылықтарға қарсы пəрменді күрес шаралары қалай жүргізілуде?
– «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында тек жалпыға ортақ еңбек қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті екені, ал, бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бұл идеяны табанды түрде өмірге енгізу талабы алға тартылды. Жаңа Еңбек кодексінің қабылдануы, оның Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына бейімделуі, еңбек шарты жағдайларын өзгерту рəсімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін-өзі басқару, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздер тетіктерінің қарастырылуы еңбек дағдыларын қалыптастыруға деген өрелі өзгерістерді көрсетеді. Қоғамда қанша сала болса, соншалықты алуан түрлі мамандық бар. Əр саланың жауапкершілік жүгі əрқалай. Еңбек заңнамасының орындалуын бақылауда инспекцияға жүктелетін жауапкершілік зор. Біз өз құзыретіміздің шеңберінде келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды жүйелі сипатта қарай отырып, жос-пардан тыс тексерістер жүргізуге де құқылымыз. Өйткені, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы мемлекеттік мəселе болып табылады. Сонымен қатар, ұжымдық келісім-шарттарға мониторинг жүргізіп, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу-мен де айналысамыз. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың еңбекті қорғау жəне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысындағы ұйымдастырушылық қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі осындай кездерде айқын аңғарылады. Биылғы жылдың он айында облыс бойынша 475 кəсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 501 еңбек заңнамасының бұзылғаны тіркелді. 195 лауазымды жəне заңды тұлғаларға 24,146 миллион теңге айыппұл салынып, əкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Президенттің «жұмыс берушінің еңбек шарттарын сақтамауы техникалық қана мəселе емес, бұл – адамдар өмірі. Тəртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын келеңсіздіктерден нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегеді. Ал, олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан, бұл істе тəртіп орнату керек» деген талабын еске ала отырып, заң талаптарының бұзылу себептерін білгіміз келеді.
– Иə, Мемлекет басшысы еңбек адамының беделін көтеру жөнінде ой қозғаумен қатар, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын барынша ширату талабын қойып отыр. Əлеуметтік-еңбек дауларын туындататын басты себептердің бірі, еңбекақының кешіктірілуі болып отыр. Мұндай дау-жанжалдардың ақыры өндірістік үдерістердің тежелуі, банкроттыққа ұшырауы сияқты келеңсіз жайттарға соқтыруы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда облыста өткен жылдармен салыстырғанда жұмысшылардың айлығын уақытында бермеу оқиғасы біршама азайғаны байқалады. Оған мемлекеттік еңбек инспекторларының қосып отырған үлесі зор. Осы мақсатта жыл басынан бері 5287 ұжымдық келісім-шарт жасалынған. Бұл облыста әрекет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы санының 71,5 пайызын құрайды. Ал, «Ұжымдық шарт жасаңыз» жалпы республикалық акцияға дейін заңды тұлғалардың жалпы санынан облысы бойынша жасалған ұжымдық шарттардың саны 30 пайызды құрады. Еңбек қауіпсіздігі демекші, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қауіпсіздіктің алдын алу шараларының арқасында өндірістік жарақаттардың орын алу оқиғасы азайған.
Мәселен, былтырғы жылдың он айында зардап шеккен 51 адамның 13-і мерт болса, биыл осындай 50 оқиға тіркеліп, 11 адам ажал құшқан. Дегенмен, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмендегені байқалғанымен, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талаптары əлі де толық сақтала бермейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті мамандардың өз міндетіне салғырттығы негізгі себеп саналғанымен, жауапкершіліктен бірінші басшы да тысқары қала алмасы анық. Өкініштісі сол, бюджеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, теміржол көлігі, шағын жəне орта бизнес салаларында қайғылы оқиғалардың азаймауы ойлантпай қоймайды. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері күн тəртібінде өткір тұр. Елімізде қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясындағы нормативтік-құқықтық актілер əлемдік тəжірибеге сəйкестендірілген. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мəселелері бойынша ұсыныстарымыз құзырлы органдарға жолданып отырады. Жүктелген міндеттерге сəйкес алдағы басты мəселе еңбек заңнамасы, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау болып табылады. Еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың орындалуы ерекше бақылауда ұсталынады. Еңбек қатынастары саласында əділеттілікті орнату – басты парызымыз. Алайда, осыған қарамастан облысымыздағы кейбір шаруашылықтар мен кәсіпорындар осындайға жол бергенімен қоймай, жұмысшы алдында өз кінәсін мо-йындаудан бас тартуға баратыны өкінішті-ақ. Мұндайда мемлекеттік еңбек инспекциясының араласуына тура келеді. Мәселен, облысымыздағы іргелі шаруашылықтардың бірінен саналатын Еңбекшілдер ауданындағы «KazBeefLTD» серіктестігінің малшысы ағымдағы жылдың шілде айында мал бағып жүріп, аттан құлап аяғын сындырып алған. Кейін ауруханаға түскен малшы емделу үшін төленетін жәрдемақы мен айлығын ала алмай мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан көмек сұрайды. Инспекция тарапынан тексеріс жүргізіліп серіктестіктің әрекеті теріс екені анықталады. Тіпті, серіктестіктің малшыны жарақат алған сәтінде түрлі желеумен ауруханаға апарудан да бас тартқаны дәлелденіп отыр. Оқиға орын алғаннан кейін араға 5 сағаттан астам уақыт салып малшының ұлы әкесін ауруханаға жеткізген. Онысымен қоймай, серіктестік басшылығы осы күні өздерінің еңбеккер алдында кінәлі екенін толық дәлелдеп берген мемлекеттік еңбек инспекциясын сотқа бермекші. Мұндай жағдайлар ара-тұра болып тұрады, бұл жұмыс берушінің еңбек заңнамасының талаптарын білмеуі және сақтамауы салдарынан.
Сол себепті, еңбек заңнамасы талабының орындал-уын қатаң қадағалау қажет. Мемлекет еңбек бостандығы құқына толық кепілдік береді. Жұмыс таңдауда жұмысшы қоғамдық əлеуметтік кепілдіктермен таныс болуы шарт. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жұмысшы еңбекақыға, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеуге, ең аз мерзімді демалысқа шығуға құқылы. Бұл мемлекеттік кепілдіктер жаңа Еңбек кодексінде айқындалған. Еңбек адамы осындай құқықтық мəселелерден шет қалмауы үшін құқықтық оқулар ұйымдастыру белгіленген. Осы бағытта жыл басынан бері жергілікті кәсіпорындардың 1470 басшысы мен маманы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша арнайы курс-та оқып, аттестациядан өтті. Оған еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонда əр адамның еңбек алаңындағы қоғамдық жауапкершілігі нығайып, сауаттылығы артады. Еңбек даулары туындай қалған жағдайда өз құқығын қорғай алатын кəсіби маман ретінде дараланады. Əріптестік қатысу қағидаты бойынша барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылып, билік мемлекет, қоғам жəне жеке адам мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін болады. Көп жағдайда еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың орын алуына байланысты жеке тұлғалар қайда барып, кімге шағымданарын білмей дал болып жатады. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін азаматтарды тұрақты қабылдау кестесі жасалды. Ғаламтор желісін пайдаланушылар үшін арнайы интернет-ресурс жұмыс істейді. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін күшейту мен бақылау жұмыстарын қамтамасыз етудің басқа да жолдары кеңінен қарастырылатын болады.
– Əңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген арнаулы тілшіміз
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар