Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ғалымдардың жағдайына көңіл бөліне бастады - АРҚА АЖАРЫ

Жас ғалымдардың жағдайына көңіл бөліне бастады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының әсіресе, бесінші бағыты бізді, жоғары оқу орындарының оқытушыларын ерекше елең еткізді.

Мұнда «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады», деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ, Жолдауда оларға мейлінше қолдау көрсету, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейту керектігі айтылды. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады.

– Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет. Мұндай қадам әр саладағы инновацияға серпін береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керек,  – деді Президент.

Осы тұрғыда Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қол қойғаны да белгілі.  Бүгінгі Жолдау соның нақты жалғасы іспетті. Бұл құжат ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ, ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Атап айтқанда, Заңда мынадай жаңашылдықтар қарастырылған: идея мен прототиптерден бастап сериялық өндіріске дейінгі ғылыми-зерттеулерді іске асыруға негізділік пен технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді; Жас ғалымдарға жеңілдікпен кредит беру шеңберінде ғылыми қызметкерлерге әлеуметтік қолдау және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне салықтық жеңілдіктер көзделген; Инновациялық инфрақұрылымды қолдау және венчурлік қаржыландыруды тарту үшін Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілді; Жоғары ғылыми ұйым түріндегі Ұлттық Ғылым академиясының жаңа мәртебесі анықталды. Бұл Заңның ережелері орындалып, қазіргі таңда бірқатар әріптестеріміз жас ғалымдарға арналған бағдарлама аясында баспаналы болды.

Осыған орай, Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларына үн қоса отырып, оны бірауыздан қолдап қана қоймай, бастамаларды одан әрі дамытуға атсалысамыз деген ойдамын.

Марат ӨТЕГЕНОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының меңгерушісі, доцент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар