Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүлікті жария ету мәселесінде бөгет жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Мүлікті жария ету мәселесінде бөгет жоқ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша мүлікті жария ету жұмыстарының барысы туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола облыстық филиалының директоры Бектұрған Бозтериевтің, облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басқармасының басшысы Назгүл Аюпова мен тергеуші маманы Әсет Тәниевтің және мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның хатшысы Әсел Ақышеваның қатысуымен брифинг өтті.

Ұлттық банк филиалы директорының айтуынша, бүгінгі күнге дейін облысымызда мүлік пен ақшаны заңдастыруға байланыс-ты 2579 өтініш түскен. Жылжымайтын мүлікке қатысты 4812 нысанды заңдастыру туралы өтініш қабылданса, олардың 1733-і тұрғын үй. Құжаттары дұрыс болмаған және заң талаптарына сай келмегендіктен, комиссия 448 өтінішті қараудан бас тартқан. Әкімдік желісі бойынша осы күнге дейін жалпы ауқымы 12 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылыпты. Оған қоса, 495,9 миллион теңге ақша заңдастырылған. Мемлекеттік кіріс департаменті басқармасының басшысы Назгүл Аюпова мүлік пен ақшаны заңдастырудың шарттары жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Заңдастыру алғаш басталған жылдарда қойылатын талаптар күшті болса, кейінгі кезде ол біршама жеңілдетілген. Жария ету субъектілеріне банк шоттарына ақшаны салумен және салмай-ақ ақшаны жария ету тәсілі  ұсынылған. Мүлкін немесе ақшасын жария еткен азаматтар туралы ақпарат құпия ұсталады. Мүлікті жария етуге байланысты акция биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғаны белгілі. Түрлі себептермен мүлкін, не ақшасын заңдастырмаған азаматтар болса әлі де кеш емес, заңдастыру рәсімдері жедел және жеңіл жүреді.
Мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның хатшысы Әсел Ақышева жылжымайтын мүлікті заңдастыруға қатысты жүргізілген жұмыстар жайында баяндады. Заңдастыру шарты бойынша тек 2014 жылдың қыркүйегіне дейін сатып алынған жылжымайтын мүліктер ғана заңдастырылуға жатады. Комиссия халық арасында бір реттік бұл шараның мәні жа-йында түсінік жұмыстарын жүргізуге жете көңіл бөлген. Жыл басынан бері облыстық газеттерде мүлікті заңдастыруға қатысты 14 мақала жарияланыпты. Оған қоса, телеканалдан хабарлар беріліп, жергілікті басылымдарға да материалдар жарияланып тұрады.
Кездесу соңында журналистер мүлікті заңдастыруға қатысты түрлі сауалдар қойып, толымды жауап алды.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар