Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татулық пен тұрақтылық – басты құндылықтарымыз - АРҚА АЖАРЫ

Татулық пен тұрақтылық – басты құндылықтарымыз

Президенттің еліміздің жетекші телеарналарының  тілшілеріне берген сұхбатында  елдегі ұлтаралық татулық мәселелеріне қатысты айтқан тұжырымды ойлары көптің көңіліндегіні дөп басты. Мемлекет басшысы халыққа қарата айтқан әр сөзінде осы тұрақтылықты нығайту жайлы қайта-қайта айтып отырады.

 

Осының мәнін сұраған «7 арна» тілшісі Майя Бекбаеваның сауалына ол  ел экономикасы мен халық  табысының еселеп өсуінің  тек  осы бейбітшіліктің  арқасында мүмкін болған жағдай екендігін тағы да қайталап өтті.  Еліміз  енді ғана егемендік алып,   еңсесін тіктей алмай, абдырап жатқан тұста Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты  органның құрылуы қарапайым жұртшылық пен биліктің арасындағы алтын көпір болғанын Көшбасшымыз  есімізге салды.
Біздің облысымызда да осы құрылым жемісті жұмыс істеп, өңірдегі береке-бірлікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отыр. Аймақтағы 45 этно-мәдени бірлестіктің бірі ретінде біз де осы ортақ іске өз үлесімізді қосудамыз.  Мақсатымыз – неміс халқының салт-дәстүрін дамыту арқылы  орталық мүшелерінің, жалпы, степногорлықтардың ортақ Отанымыз  Қазақстанға деген зор құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру болып табылады.
Елбасының «Мен әрдайым үлкен міндеттер арта отырып,  бүкіл халықтың қолдауына ие болу үшін Ассамблеяға жүгінемін», − деуінде терең мән жатыр.  Себебі, экономикалық даму тек елдегі халықтың ауызбіршілігіне байланысты. Дана халқымыздың: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», − деген сөзі тағы да айқындай түсердей. Біз, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, мемлекеттік тұрғыда қаралар қандай да бір мәселелерге қатысты пікірімізді Парламенттегі Ассамблеядан сайланған депутаттар арқылы жеткізе аламыз. Ол да биліктің халықпен етене байланысын қамтамасыз етудің бір жолы іспеттес.  Сөздің тоқетеріне келер болсақ, татулық пен тұрақтылық мәселесі,  Президент атап өткеніндей, үнемі жіті назар аударуды қажет ететін өте сезімтал мәселе.  Сондықтан, оны дәйім қаперде ұстағанымыз абзал деп білемін.

Клавдия НҰРБАЕВА,
«SATELLIT»  неміс ұлттық мәдени орталығы»
қоғамдық  бірлестігінің төрайымы.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар