Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмады

Өткен шілде айында Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов Жақсы ауданында жұмыс сапарымен болып, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізген болатын.

Сол жолғы жеке қабылдауда аудан тұрғындары «Жақсы-Чистополь» тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жолдың сапасы сын көтермейтіндігіне өз наразылықтарын білдірген еді. Атап айтқанда, көктемгі су тасқынынан және жаңбырдың салдарынан бұл жолмен жүрудің мүмкін еместігі алға тартылған-ды.

Бүгінгі таңда прокуратура тарапынан қабылданған шаралардың арқасында мердігер айналма жолға қиыршық тас төсеп, оны тегістеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, жеке қабылдауда көтерілген мәселе ескерусіз қалмай, нәтижесін берді.

Ақмола облыстық прокуратурасының материалы бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар