Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенімді ақтау – парыз - АРҚА АЖАРЫ

Сенімді ақтау – парыз

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының облыстық филиалында  «Жаңа сипаттағы жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке – 25 жыл» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Аталған институттың директоры Еркін Исімбаев ашып, жүргізіп отырған жиынға өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорлары, оқытушылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Конференцияның басты мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және ауқымды реформалар, оқыту мен оқудың заманауи тәсілдері жағдайында ағылшын тілі арқылы тілдік емес пәндерді оқытудың  келешегі мен тәжірибесін талқылау.
Институттың директоры Еркін  Исімбаев өз сөзінде: – Елбасы  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын алға тарта отырып, білім саласындағы қызметкерлерге үлкен сенім артты. Бұл сенімді ақтау – әрбір азаматтың абыройлы ісі. Біздің барлығымыз «Қазақстан–2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысамыз және оның  игілігін де бірге көреміз.  Әркім өз ісін ыждаһатты орындауы тиіс. Біздің жұмыс орнымыз – институт, біздің басты мақсатымыз – «Мәңгілік ел».
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров баяндама жасап, өз ойын ортаға салды. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев өз сөзінде үштілділік білім беру мәселесі назарда екендігін баса айтты. Институттың аға оқытушысы Серік Сұлтанбекұлының өз баяндамасында  ұлттық идеяны жүзеге асыру тұрғысынан  педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың заманауи  тәсілдеріне тоқталды. Эксперименталдық, ғылыми-зерттеушілік қызмет, курстық дайындықтың жаңа әдіснамалық негізін құру, халықаралық ынтымақтастық, мұғалімнің беделін арттыру бойынша іс-шаралардың барлығы бүгінгі күнде «Мәңгілік ел» идеясын табысты жүзеге асыруға қосқан үлесі болып табылады.  Конференцияда ортаға салынған ой-пікірлерден аңғарылғандай, жұртшылық бүгінде білім саласындағы реформалардың қоғамда алар орнын жақсы түсініп отыр. Ендігі керегі – осы бағытта нақты істерге қол жеткізу.
Пленарлық отырыстан соң,  жұмыс секцияларда жалғасын тауып, қатысушылар практикалық тәжірибемен,  барлық деңгейлердегі білім беруді дамытуға ықпал ететін тұжырымдамалық идеялармен бөлісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар