Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Целиноград ауданында үшінші жайлы мектеп ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Целиноград ауданында үшінші жайлы мектеп ашылды

Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда.

Кеше Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылының 1500 оқушысы үшін ІT бағытындағы тағы бір жаңа мектеп есігін айқара ашты. Бұл осы ауданда оқу жылының басынан бері ашылған үшінші жайлы мектеп.

– «Жайлы мектеп» жобасы мектептерде орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай туғызып, қалалық және ауылдық мектептер арасында білім сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы жалпыұлттық міндет болып табылады, – деп атап өтті осы ауылға арнайы келіп, оқушыларды мектептің ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Жаңа білім беру нысанының ашылуымен сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха да құттықтады.

Мектеп жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына сай келеді. Білім ордасында қосымша білім беру кабинеттері, хореографиядан робототехникаға дейінгі әртүрлі үйірмелер бар, қауіпсіздік камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

– Бұған дейін біздің жас ауылымызда елорда мектептерінен еш кем түспейтін осындай заманауи, еңселі мектеп ашылады деп ойламаған едік. Енді немеремнің осындай мектепте оқитынына қуаныштымын, – дейді ауыл тұрғыны Гүлнұр Аманова.

Мұнда қонақтарға тұңғыш рет ашылып отырған жас жол инспекторларының кабинеті, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ашылған «СКУД», «Alaqan» мектеп қауіпсіздік жүйелері таныстырылды. Мұндай сыныптың ашылуы ең алдымен, жас ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеуге, мектепте құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сонымен қатар, мамандық таңдауға көмектесуге бағытталған.

Жалпы, облыста осы жылдың соңына дейін 10 мектеп, оның ішінде 6 жайлы мектеп ашу жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар