Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бұйратауда» туроператорлар бас қосты - АРҚА АЖАРЫ

«Бұйратауда» туроператорлар бас қосты

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында туроператорларға арналған «Ақмола облысында экотуризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты ақпараттық тур ұйымдастырылды.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі «Соколиные горы» учаскесінде «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы Ұлттық парк әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырған ақпараттық турға  экотуризмді дамытуға және өзінің туристік бағдарламаларына жаңа бағыттарды енгізуге қызығушылық танытып жүрген астаналық туристік компаниялардың 20-дан астам өкілі жиналды.

Турдың мақсаты – саябақтың табиғи байлығымен таныстыру, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және туристік маршруттарды ілгерілету, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аудару. Саябақ өкілдері жиналған қауымды саябақты экотуризм үшін бірегей орынға айналдыратын қолданыстағы әлеуетті туристік маршруттармен, сондай-ақ, сирек кездесетін флора мен фауна түрлерімен таныстырды.

Тур бағдарламасыБас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Қайрат Бұқарбаевтың құттықтау сөзімен басталып, ол аталған саябақтың туризмді тұрақты дамыту үшін маңызды екендігін атап өтті. Туризм және экологиялық білім бөлімінің бастығы Мария Редько саябақ жұмысының негізгі аспектілері мен экологиялық білім беру мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндап берді.

Бағдарламаның «Көрікті соқпақтар»деп аталатын экскурсиясы барысында қатысушылар керемет ландшафт пен көрікті аймақтарды, табиғи парк шеңберінде қорғалатын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін, сонымен қатар, аймақтың мәдени мұрасына айналған тарихи және мәдени ескерткіштерді көріп, таңқалды.

Ақпараттық тур Ақмола облысындағы экотуризмнің негізгі объектісі ретінде саябақты ілгерілетудегі маңызды қадам болып отыр. «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның туристік картасында өңірді ілгерілетуге және экотуризм мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, туристік компаниялармен белсенді ынтымақтастықты жалғастырып келеді.

Жайнагүл ҚАППАСОВА,
Ақмола облыстық туризм басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар