Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодымен іздеуде жүрген «А» атты азаматты ұстады.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылының тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта аталған күдікті тергеу изоляторына қамалды. Мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ақмола облысының прокуратурасы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар