Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сеніміміз ақталған елміз - АРҚА АЖАРЫ

Сеніміміз ақталған елміз

Егеменді ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Парламент депутаттарының қабылдаған Декларациясы менің көңілімнен шықты. Ақмола облысының бір топ азаматтары 1998 жылдың 4 маусымында «Арқа ажары» газетінің бірінші бетінде «Қазақстан астанасы Нұрсұлтан болсын» деп өздерінің арнайы үндеуін жариялап еді.

 

Содан бері 20 жылға жуық уақыт өтіпті. Елбасыға деген сеніміміз іс жүзінде, күнделікті тіршілігімізде ақталған жоқ па?
Қазақстан деген елді бүкіл дүниежүзі таныды. Біздің азаматтарымыз АҚШ-қа, Түркияға, Қытай мен Тайландқа, Араб Әмірлігі құрамындағы елдерге көрші ауылға барғандай қатынап тұратындары көп жайды аңғартып отыр ғой. Бейбіт- сүйгіш елдің ұландарына мамыржай өмір сыйлаған, білім мен ілімді меңгеруге толық мүмкіндік жасаған кісі   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Оны ұмытпағанымыз абзал.
Облыстың маңдайалды газетінде осы үндеуге қол қойған кісілердің көбі қазір бұл дүниеде жоқ. Ақселеу Сейдімбек, Тұрсынбек Кәкішев, Клара Әмірқызы солардың ішіндегі еліне ерекше еңбек сіңірген жандар еді ғой.
Көп жыл ұстаздық қызмет атқарып, соның бірден-бір игілігін көріп келе жатқан кісінің бірімін. Ерейментау қазақтың тарихы тұнған, ел қорғаған дарабоз батырлар көп шыққан жер. 1999 жылдың мамыр айында Президент Назарбаев осы тарихи өңірге арнайы келіп еді. Ол кісінің қалдырған қолтаңбасы күні бүгінге дейін Қанжығалы Бөгенбай батыр атындағы мұражайда құнды тарихи жәдігер ретінде сақтаулы тұр.
Сол кезеңдерде Ақмола облысы мәслихатының депутаты болып жүрген кезімізде біз Елбасының сындарлы саясатына, кемеңгер ақыл-ойына талай тәнті болғанбыз. Құдайға шүкір, қазақ елінің ісі өрге басып, жұмысы көзге көріне бастады. Алдымызда «ЭКСПО-2017» сынағы тұр. Бұл да біздің абыройымыздың айрықша бір белгісі болмақ. Осындай жобалы жұмыстарға жан-жақты мән беріп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біз де өз тарапымыздан қолдау көрсетуге тиістіміз. Әрдайым солай болады да!

Жеңіс БӨДЕШОВ,
Торғай орта мектебінің
директоры.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар