Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызмет сапасын арттырып, жұмысты жетілдіре береміз - АРҚА АЖАРЫ

Қызмет сапасын арттырып, жұмысты жетілдіре береміз

30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күні 

 Әділет органдары – өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын,  мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, ұйымдармен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары. Бұл Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңында тікелей көзделген.

Құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Және бұл жұмысты әділет қызметкерлерімен бірге Ақмола облысындағы  336 адвокат, 148 нотариус, 212 жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер, 77 жеке сот орындаушылары жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған заңгерлердің сапалы заң көмегін көрсетуі өте маңызды, өйткені, ол азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.  Сондай-ақ, уақыт талабы бойынша өзгертіліп жатқан немесе электрондық форматқа ауысып жатқан нотариаттық қызметтердің үлкен спектрі бар. Ал, жекелеген жағдайларда олар экстерриториялық белгі бойынша көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік  қызмет көрсету саласы әрқашан әділет органдарының  басым міндеттерінің  бірі  болып  табылады.

Егер  соңғы бірнеше жылда Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметтер көрсету жөніндегі  қолданыстағы  заңнамасына енгізілген   өзгерістер мен толықтыруларды  талдайтын  болсақ,  онда барлық өзгерістер мемлекеттік қызметтер көрсету процесін  цифрланыруға,  оларды көрсету рәсімін жеңілдетуге, қажетті құжаттар тізбесін  және мемлекеттік  қызметтер көрсету мерзімдерін  қысқартуға бағытталған деп сеніммен айтуға болады.Бұл жиынтық бюрократиялық  кедергілерді  болдырмайды және процесс мөлдір, ашық әрі қолжетімді.

Шынында, әділет органдары көрсететін барлық мемлекеттік  қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу мерзімі 10-нан 5 жұмыс күніне дейінекі есе қысқарды, заңды тұлғалардың қызметін тоқтату рәсімі де 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал, шағын кәсіпкерлік  субъектілерін тіркеу  электрондық  форматта электрондық үкімет порталындада  санаулы сағаттарда жүзеге асырылады.

Біздің азаматтарымызға коммерциялық ұйымдарға қатысты  мемлекеттік  қызметтер 2019  жылғы 1  шілдеден бастап Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпарациясы коммерциялық емес  акционерлік  қоғамына берілгенін, бір жыл бұрын жылжымайтын  мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі функциялар коммерциялық  емес   акционерлік қоғамға, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуге, сондай-ақ, мемлекеттік бақылау мен әдіснама беру әділет органдарында қалғанын  тағы да еске салғым келеді.

Сондай-ақ, заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу,  басшыны ауыстыру процесі автоматтандырылды, ал, енгізілген өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай  құжаттарына  қосымша  өзгерістерді  тіркеу рәсімі  толығымен  алынып тасталды  және  хабарлама  сипатында болады.

Бұдан басқа, Е-Апостиль ақпараттық  жүйесі  арқылы «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік  органдардан, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын ресми  құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету табысты  жүргізілуде.

«Е-Апостиль» – құжаттарды тіркеуге және «мөртабан» беруге арналған электронды апостиль, ол орталықтандырылған есепке алуды  және жіберілмеген құжаттардың бірыңғай мұрағатын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  аумағында ғана емес, сонымен қатар, онлайн  режиміндеде тұратын өтініш берушілерге  жүгінуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді бағалаудың басты критерийлері  ашықтық, оларды жедел көрсету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  барынша азайту болып табылады.

Барлық азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық ақпарат  түрінде  кепілдендірілген  мемлекеттік  заң  көмегін  тегін алуға құқығы  бар екенін айту маңызды.

Бұл ретте, құқықтық кеңес беру түріндегі кепілдендірілген  мемлекеттік заң көмегі азаматтардың бірнеше санатына  көрсетіледі. Мысалы, алимент  өндіріп алу,  зейнетақы мен  жәрдемақы  тағайындау,  оңалту,  босқын  немесе  қандас  мәртебесін  алу  мәселелері  бойынша  жеке  тұлғаларға,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  кәмелетке  толмағандар, жеке  тұлғаларға  асыраушысының  қайтыс  болуынан  келтірілген  зиянды өтеу  мәселелері  бойынша. Ұлы Отан соғысына  қатысушыларға,  жеңілдіктер  бойынша  және соларға  теңестірілген  адамдарға,  сондай-ақ, басқа  мемлекеттер аумағында  соғыс  қимылдарының  ардагерлеріне,  мерзімді  қызметтегі  әскери қызметшілерге,  бірінші  және  екінші  топтағы  мүгедек   адамдарға,  жасына  байланысты зейнеткерлерге, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы  отбасыларға және тағы басқаларына осындай қызмет көрсетіліп келеді.

Жалпы, кепілді  мемлекеттік  заң  көмегін  көрсету  жүйесіне   қатысатын  адвокат  немесе  заң  консультанты  әділет  органымен осындай  көмек  көрсету  туралы  келісім  жасасуға  және  Е-заң  көмегі  ақпараттық  жүйесінде  тіркелуі  тиіс.

Қазіргі уақытта  бұл  жүйеге  Ақмола  облысы  бойынша 101  адвокат  және  23 заң кеңесшісі  қатысуда. Жоғарыда  аталған  санаттағы  азаматтарға  заң  көмегін  көрсеткеннен  кейін  біздің  адвокаттарымыз   бен заң кеңесшіміз адвокат, заң кеңесшісі көрсететін мемлекет  кепілдік берген  заң  көмегіне  ақы төлеу және  құқықтық  кеңес  беруге, қорғауға  және  өкілдік етуге,  сондай-ақ, татуластыру рәсімдерін  жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына  сәйкес  төлеуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың  бірінші  жартыжылдығына  5950  азаматқа 100 миллион тенгеден астам сомаға  кепілдендірілген  мемлекеттік  заң  көмегі  көрсетілді.

Сот актілерін орындау – әділет органдарының қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі. Алимент, мүлікті алып қою, мәжбүрлеп шығару, мүлікті бұзу, кәмелетке толмаған балаларға қатысты істер сияқты әлеуметтік маңызы бар санатты атқарушылық өндірістерді орындау заңды және психологиялық тұрғыдан күрделі әрі тек бейінді заңмен реттеледі. Бұны осы салада жұмыс істейтін әділет қызметкерлері және сот орындаушылары жақсы біледі.

Адамдар күнделікті өмірде қандай мәселемен жиі кездеседі және сот орындаушылардың көмегіне жүгіне ме? Әрине, бұл – елден тыс шығуға тыйым салу және борышкерлер тізілімінде болу.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – бұл Әділет министрлігінің сайтында жүргізілетін қарыздардың болуына байланысты қозғалған барлық атқарушылық өндірістер туралы бірыңғай дерек базасы. Борышкер тізілімге атқарушылық өндіріс қозғалған сәттен бастап кіреді және борышы жабылған кезде алынып тасталады. Борышкерлердің тізілімінде болу елден тыс жерлерге шығуға тыйым салуға, банкте шот ашуға кедергі болады, сондай-ақ, нотариаттық қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін де негіздеме болады.

Мысалы, жылжымайтын мүлік. Осындай мәселелерге тап болмау үшін біздің азаматтар өздерінің берешегін тексеру және өтеу, ЖСО қызметін төлеу бойынша мәліметтерді www.adilet.gov. kz. ақпараттық порталында, сонымен қатар, елден тыс жерлерге уақытша шығуға тыйым салу бойынша ақпаратты Post.kz, Kaspi.kz немесе «Қазпошта» терминалдары арқылы біле алады.

Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің қолданысқа енгізілгеннен кейін біздің азаматтарымыз бен заңды тұлғалардың әрбір өтініші толық, объективті, жан-жақты, уақытылы қарастырылуға тиіс. Бұл жерде оны сапасыз қарастыру немесе қарастыру тәртібін бұзу жағдайында жауапкершілікке тартылатынын білуі қажет. Кейбір жағдайларда, сот ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Және бұл қатаң болуы мүмкін, бірақ, әділ жүргізілуі тиіс. Әділет қызметкерлері бұл бағытта күнделікті жұмыс істейді.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін дамыту мәселелері өте маңызды болып қала береді. Сондықтан, түрлі іс-шаралар, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, заңнаманы түсіндіру мақсатында азаматтарды қабылдау, біздің және әріптестеріміздің басты міндеті. Адвокаттар мен заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін кешенді әлеуметтік заң көмегі шеңберінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен тегін заң көмегін алатын азаматтардың санаты анықталды. Қазіргі уақытта бұл санат ұлғайтылды, сондықтан, азаматтар осыған да сенім арта алады.

Қолайлылық пен қолжетімділік мақсатында  біздің азаматтарға Әділет министрлігінің ақпараттық қызметі – ПИС, байланыс 119,Қазақстан бойынша ұялы байланыс операторларынан басқа, 58-00-58 Астана, Алматы қалалары үшін, Қазақстан бойынша – 1414, WhatsApp +77086935631 телефоны арқылы тәулік бойы құқықтық мәселелер бойынша жүгіну мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әділет департаментінің қызметкерлері мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмегін көрсетеді. Департамент ұжымы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасыларға,  өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға және мұқтаж азаматтарға адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілерімен бірлесіп, үнемі қайырымдылық, материалдық және заңгерлік көмек көрсетілетін акциялар өткізеді. Сонымен қатар, әділет қызметкерлері шығармашылық қабілеттерге ие және әртүрлі іс-шараларға, соның ішінде спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Елімізде «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып келеді. Осы аталған мереке қарсаңында барлықәріптестерімді кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Әділет органдары саласында жалпы еліміздің құқықтық саясатын жүзеге асыруда зор табыс, елімізге бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық, қазақстандықтарға амандық пен сенімділік, денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін!

БаукенӘЛМЕШ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар