Жол қауіпсіздігі бірінші кезекте тұруы тиіс

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында Сенаторлар көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.  

Ақмола облысынан сайланған Сенатор Талғат Жүнісов өзінің депутаттық сауалында спортпен шұғылданушылар қатарын көбейту үшін дене шынықтыру саласына қолдауды арттыру қажеттігін айтты.

Сенатордың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі халықтың 40 пайызын құрап, 8 миллион адамнан асты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27 пайызды құрайды. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу міндеті тұр. Сенатор дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту үшін жаңа тәсілдер қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, ресурстарды мейлінше басым салаларға шоғырландыру мақсатында «тірек» спорт түрлерінің тізімін қайта қарау ұсынылды. Сенатор бұл ретте, ауыл балаларының спорттық әлеуеті жоғары екенін және олардың талантын ашуға барлық деңгейде қосымша қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.

–Бүгін елімізде жастар, атап айтқанда, мектеп жасындағы балалар арасында қозғалыс белсенділігі төмендеу мәселесі өзекті болып отыр. Біздің оқушылардың сұраныстарын қанағаттандырмайтын орта білім беру мектептерін материалдық-техникалық жабықтау мәселесі де маңызды болып қала береді. Бұл мәселе, әсіресе, ауылдық мектептерде өзекті. Қазіргі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жүйесі тек 10 пайызын қамтиды. Ал, облыстардың кейбір аудандарында олар мүлдем жоқ. Осыған байланысты ауылдағы балалар саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен. Өкінішке орай, балалар мен жасөспірімдер және жастар спорты саласындағы өзекті мәселе аз емес және ол республиканың барлық өңірлерінде өткір тұр, – деп атап өтті Талғат Жүнісов.

Сенатор мектептерде спорт үйірмелері мен мамандандырылған сыныптар құруды, қосымша білім беруге мұғалімдер тарту және мектеп спортының күнтізбесін ұйымдастыру арқылы мектептен тыс спорттық шараларды көбейтуді  ұсынды. Спорт саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды кезең-кезеңімен ұлғайту, әсіресе, ауылдық жерлерде және қала маңындағы аудандарда спорт нысандарының сапасын жақсарту мен көркейту өте маңызды. Сонымен қатар, туризм және спорт, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктеріне өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, бизнес пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейтуді, спорт пен дене шынықтыру саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Парламент Сенатының материалдары бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар