Әр дауыс маңызды болды

Референдум күні Көкшетау қаласындағы №19 мектеп ғимаратында орналасқан №43 референдум учаскесінде болып, ондағы мән-жаймен таныстық.

– Мен Центральный көшесі 40 үйдегі №19 мектеп ғимаратында орналасқан №43 сайлау учаскесінің төрайымымын. Сайлау учаскесінің жұмысы әдеттегідей таңғы 7-ден Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Жалпы сайлауда дауыс беруге 2442 адам қатысуға тиісті. Жалпы референдумға алғаш болып келген сайлаушы мен алғаш рет дауыс берген азамат, азаматшаларға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді. Сағат 10.00-ге дейін 250 адам дауыс беріп үлгерді. Бізде әртүрлі ұйымдардан бақылаушылар қатысып отыр. Олар «Аманат» партиясы, «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігі және «Aqmola – Outlook» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысуда, – дейді Сәуле Жұмашқызы Өмірбаева.

Бұл учаскеде сағат онға дейін көзі көрмейтін мүгедектерден екі адам дауыс берсе, түстен кейін дауыс беруге келе алмайтын сайлаушылардың үйлеріне арнайы бюллетень апарылып, дауыс берулеріне жағдай жасалынды.

Жалпы референдумның учаскелік қорытындысы бойынша 1899 сайлаушы дауыс берген, бұл дегеніңіз 78 пайызға тең болды деген сөз.

Сол күнгі мерекеге сай әсем әуенге бөленген референдум учаскесі сайлаушылардың көтеріңкі көңіл-күйімен астасып жатты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар