Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудың шипалы суын бүкіл ел біледі - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудың шипалы суын бүкіл ел біледі

Тәуелсіздік құрдасы – «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының 25 жылдығына арналған «Су – тіршілік көзі» атты іс-шарада кәсіпорын басшылары мен студент жастар арасында мазмұнды әңгіме өрбіді.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» акциясы шеңберінде өткен шараға облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ғылым жөніндегі директоры Евгений Пятов қатысып, мұражайға арнайы шақырылған Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен Біржан сал және Ақан сері атындағы музыкалық колледждердің оқушыларына өндіріс туралы таратып айтып берді.
Тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқан «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнына биыл – 25 жыл! Алғашқы жылдары кәсіпорында небәрі бес адам еңбек еткен болса, қазір жұмысшылардың саны 1300-ге жеткен. Яғни, Көкшетау қаласының әрбір оныншы тұрғыны осында жұмыс істейді деген сөз. Ширек ғасырда брэндке айналған табиғи су өнімі  Қазақстанның әр түкпіріне жеткізіледі. Ендігі мақсат – отандық өнім түрлерін Азия елдерінің нарығына шығару болып отыр.  
– Сонау 90-жылдары кәсіпорындағы алғашқы шығарылған табиғи су өнімі саусақпен санарлықтай ғана болды. Ал, бүгінде саны мен сапасы келіскен жүзден аса өнім түрін шығарамыз. Сондай-ақ, былтырғы жылдың соңына дейін су құйылып келген шиша шетелден импортталған болса, биылғы мамыр айынан бастап өзімізде өндіріле бастады. Бұл яғни, «Tұран» жүз пайыз отандық өнімге айналды деген сөз. Алдағы уақытта «Азия Су» халықаралық холдингі арқылы өнімді Азия елдеріне шығаратын боламыз, – деді  Евгений Пятов.
Кәсіпорын директорының айтуы-на қарағанда ширек ғасыр ішінде қазақстандықтар  «Тұран» табиғи ауыз суының 1 миллиард литрін тұтынған екен. Кездесу барысында кәсіпорынның бұдан басқа жетістіктері мен алдағы жоспарлары сөз болды. Өз кезегінде студенттер кәсіпорын басшысына көкейдегі сауалдарын қойып, 25 жылдық мерейтой аясында жеткен жетістікке қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар